Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № а-3/121 · қабылданған 23.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45072/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ а-3/121 ·23.02.2009
04.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ а-3/121 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-3/121
Қабылданған күні
23.02.2009
Көрсетілген редакция
04.12.2014 AI45072_6.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BS000150
ЭКБ идентификаторы
45072
Редакция идентификаторы
AI45072_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:41

0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2 тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Щучье ауданының мәслихат сессиясының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № С–11/3 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандардың лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларынан жиырма бес пайызға арттыру құқығы бар лауазымдары тізбесіне келісім беру туралы» шешімі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы 2009 жылы 1 қаңтарда пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

4 4. Қаулы Ақмола облысының Щучье аудандық Әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күшіне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Щучье ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» ММ бастығы Г.Тінәлинова

5 Щучье ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 23 ақпандағы № а-3/121
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Білім беру қызметкерлерінің лауазымдары:

Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, кәсіби лицейдің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп–балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегі және үлгідегі интернаттық ұйымдардың директоры (бастық, меңгеруші);
Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
Білім беру ұйымдарында дене тәрбиесінің жетекшісі;
Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әсери жетекшісі);
Жалпы орта білім беретін мектептердің мектеп-интернаттардың және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімінен кейінгі білім, қосымша білім берудің басқа ұйымдарындағы ғылыми, оқу ісі, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың (бастықтың) орынбасары
Педагог-психолог
Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында)
Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі
Оқу орнының, оқу- тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері
Оқу- тәрбие оқу- өндірістік, қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Оқу- өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі (білім беру ұйымдарында)
Еңбек жөніндегі нұсқаушы (білім беру ұйымдарында)
Оқу-сауықтыру, оқу- тәрбиелік орталығындағы (кешенінің) нұсқаушы, әдіскер, тәрбиеші, өндірістік оқыту шебері
Аға шебер, өндірістік оқыту шебері
Білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер, (жоғары оқу орындарынан басқа)
Оқу- тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын музыкалық жетекші (балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер.
Оқу- тәрбие қызметпен тікелей айналысатын дене тәрбиесі-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері
Кітапханашы
Медициналық бике

2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымы:

Бөлім меңгерушісі
Әлеуметтік қызметкер

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымы:

Аға кітапханашы
Кітапханашы
Дербес ұжымның аға басшысы
Мәдени аға ұйымдастырушысы

Қолданыстағы