Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесін бекіту туралы
ҚАЗБөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-5
- Қабылданған күні
- 27.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2012 · қолданыстағы 45088_214302.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09ZC000076
- ЭКБ идентификаторы
- 45088
- Редакция идентификаторы
- 45088_214302
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:39
0 Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған "Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі" бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Бөрлі аудандық мәслихатының
2009 жылғы 27 ақпандағы
№ 10-5 шешімімен бекітілен
Бөрлі ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың
ережесі
1 1. Жалпы бөлім
1 1. Осы ереже Бөрлі аудан аумағындағы ит пен мысық бар барлық заңды және жеке тұлғаларға таралады.
2 2. Осы ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) ит – көлемі, түсі және өзге белгілеріне белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын жануарлар;
2 2) мысық - көлемі, түсі және өзге белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын жануар;
3 3) ит пен мысықтың иесі - жеке немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.
3
3. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшеде, аула аумағықтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иесіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау мен өлген жануарлардың өлімтіктерін жинау бойынша мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына және оларды жеті тәулік бойы арнайы торларда ұстауға жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.
Аулау уақыты болып қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелер мен "Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тіркеу журналында тіркелген жануарлардың аулану уақыты саналады. мен арнайы кезбе жануарларды аулайтын мекеменің тіркеу журналында жазылған уақытынан есептелінеді. Тіркеу журналында жануардың түрі, оның жынысы, түсі, фото суреті (электронды түрде болуы мүмкін) және жануарларға жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер болуы қажет.
Жеті тәулік ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелерге немесе "Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жануарларды кері қайтарып алуы үшін хабарласуына болады.