Құжат мәтініне өту

Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество, производимую в ускоренном порядке

Қаулы · № 428 · қабылданған 30.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45098/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество, производимую в ускоренном порядке Күшін жойған Қаулы ·№ 428 ·30.03.2009
26.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество, производимую в ускоренном порядке

Күшін жойған Қаулы ·№ 428 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество, производимую в ускоренном порядке
Атауы (қаз.)
Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
428
Қабылданған күні
30.03.2009
Көрсетілген редакция
26.10.2018 45098_363970.kaz
Соңғы өзгеріс
26.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000428_
ЭКБ идентификаторы
45098
Редакция идентификаторы
45098_363970
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:30

0 Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 428 қаулысымен
бекітілген
Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Р/с
N
Тір­кеу іс-әре­кет­те­рі­нің түр­ле­рі
Ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­тер­де­гі став­ка­лар
же­ке тұ­лға­лар үшін
заң­ды тұ­лға­лар үшін
1
2
3
4
1.
Мы­на­лар­ға мен­шік, ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу, же­дел бас­қа­ру, се­нім­гер­лік бас­қа­ру, ке­піл, рен­та, пай­да­ла­ну (серви­тут­тар­дан бас­қа) құқы­ғы пай­да бо­луын тір­ке­ге­ні үшін:
1)
пәтер­ге, же­ке тұр­ғын үй­ге (ша­ру­а­шы­лық құ­ры­лы­ста­ры­мен және бас­қа да осы­ған ұқсас объ­ек­ті­ле­рі­мен бір­ге), ша­ру­а­шы­лық құ­ры­лы­стар­ға;
5
15
2)
көп пәтер­лі тұр­ғын үй­ге (ша­ру­а­шы­лық құ­ры­лы­ста­ры және бас­қа да осы­ған ұқсас объ­ек­ті­ле­рі­мен бір­ге), тұр­ғын үй­де­гі тұр­ғын емес үй-жай­ға, тұр­ғын емес құ­ры­лы­сқа;
15
20
3)
га­раж­дар­ға;
4
8
4)
мы­на­лар­ды қам­ти­тын тұр­ғын емес мақ­сат­та­ғы мү­лік­тік ке­шен­дер­ге (ғи­ма­рат­тар, құ­ры­лы­стар, құ­ры­л­ғы­лар):
бір объ­ект;
20
30
екі­ден бес­ке дей­ін­гі же­ке тұр­ған объ­ек­ті­лер;
22
32
ал­ты­дан он­ға дей­ін­гі же­ке тұр­ған объ­ек­ті­лер;
30
40
он­нан астам же­ке тұр­ған объ­ек­ті­лер.
35
45
2.
Жер учас­ке­сіне мен­шік, жер­ді пай­да­ла­ну құқы­ғын, өзге де құқық­тар­ды (құқық­тық ауырт­па­лық­тар­ды) тір­ке­ге­ні үшін.
5
15
3.
Ипо­те­ка­лық ку­ә­лік бе­ру­ді және оны кей­ін­нен бас­қа ие­лер­ге бе­ру­ді тір­ке­ге­ні үшін.
5
15
4.
Құқық ие­сі де­ректе­рі­нің, жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сі­нің сәй­кестен­ді­ру си­патта­ма­ла­ры­ның өзге­рі­сте­рін тір­ке­ге­ні үшін.
5
15
5.
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің апат­қа ұшы­ра­уы­на (бү­лі­ну­іне) неме­се оған құқық­тан бас тар­ты­луы­на бай­ла­ны­сты және ауы­су құқы­ғы­на бай­ла­ны­сты емес өзге де жағ­дай­лар­да жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық­ты тоқ­та­ту­ды тір­ке­ге­ні үшін.
5
15
6.
Құқы­ғы­ның үшін­ші тұл­ға­ға ауы­суы­на бай­ла­ны­сты емес ауырт­па­лық­ты тоқ­та­ту­ды тір­ке­ге­ні үшін, оның ішін­де жы­л­жы­май­тын мү­лік ипо­те­ка­сын тоқ­та­ту­ды тір­ке­ге­ні үшін.
5
15
7.
Мін­дет­те­ме­ле­рі ипо­те­ка­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген банк­тік қарыз шар­ты бой­ын­ша та­лап­тар­ды бас­қа­ға бе­ру­ді тір­ке­ге­ні үшін.
5
15
8.
Құқық­тың пай­да бо­луы­ның негі­зі бо­лып та­бы­ла­тын шарт та­ла­бы­ның (кұқық ауырт­па­лы­ғы) неме­се өзге де заң­дық фак­ті­лер­дің өзге­руі нәти­же­сін­де құқық­тың өзге­ру­ін неме­се құқық­тың ауырт­па­лы­ғын тір­ке­ге­ні үшін.
5
15
9.
Жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке өзге құқық­тар­ды, сон­дай-ақ жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке құқық ауырт­па­лық­та­рын тір­ке­ге­ні үшін.
5
15

1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 428 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 19, 200-құжат).

2 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 34, 462-құжат).

3 3. "Жүйелі тіркеуді жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 799 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 34, 375-құжат).

4 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 454 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы N 959 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 41, 457-құжат).

Қолданыстағы