Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения
Күшін жойған
Бұйрық
·№ 326
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении стандартов оказания государственных услуг через центры обслуживания населения
- Атауы (қаз.)
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 28.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2010 AI45100_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005491_
- ЭКБ идентификаторы
- 45100
- Редакция идентификаторы
- AI45100_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:30
0 Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 588 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өзен кемелерін және оларға құқықты мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өзен кемелерін жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы темір жол жылжымалы құрамын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы темір жол жылжымалы құрам кепілін тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Келісілген"
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі
С.Н. Ахметов
29 қараша 2008 жыл