Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 426 · қабылданған 30.03.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45106/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 426 ·30.03.2009
23.12.2015 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 426 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
426
Қабылданған күні
30.03.2009
Көрсетілген редакция
23.12.2015 AI45106_4.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000426_
ЭКБ идентификаторы
45106
Редакция идентификаторы
AI45106_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:30

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

1 1) Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

2 2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат);

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
барлық мәтін бойынша "су қорын пайдалану және қорғау" деген сөздерден кейін ", сумен жабдықтау және су бұру" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161) және 162) тармақшалармен толықтырылсын:
"155) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдерін бекітеді;
156) елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесін әзірлейді;
157) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесін әзірлейді;
158) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану ережесін бекітеді;
159) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлейді;
160) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындайды;
161) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын паспорттауды жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
162) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай мазмұндағы 235) тармақшамен толықтырылсын:
"235) жерді гидромелиорациялау жөніндегі салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды іске асыру.";

3 3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 426 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 13 желтоқсандағы
N 1265 қаулысымен
бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелердің тізбесі

Қолданыстағы