О методике расчета арендной платы за имущественныи найм государственных нежилых помещений Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік тұрғындық емес үй-жайларды мүліктік жалдағаны үшін жалдық төлемақы есептеу әдістемесі туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 08.09.2004 № 32 шешімімен
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 20.10.1998 жылғы № 613 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік тұрғындық емес қор нысандарын Жалға беру ережесі енгізілуіне байланысты және «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» Заңды басшылыққа ала отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан меммүлік және жекшелендіру аумақтық комитеті жалға беретін тұрғындық емес үй-жайларды мүліктік жалдағаны үшін жалдық төлемақы есептеудің әдістемесі бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік тұрғындық емес қорды мүліктік жалдауға беру тәртібі және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жалдық төлемақыны есептеу әдістемесі туралы» 1998 жылғы 12 ақпанда облыс әкімінің № 39 шешімімен бекітілген ереже күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Мемлекеттік мүлікті жалға алғаны үшін төлемақыларды бюджетке есептеудің Уақытша тәртібін және жол полициясы органдарымен алынатын алымдар мен айыппұлдарды бюджетке есептеу тәртібін бекіту туралы» облыс әкімінің 1998 жылғы 30 сәуірдегі № 102 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
- 2 тармақта:
азатжолдағы «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі Меминспекция - облыстық бюджеттен тарихи-мәдени мұра үй-ескерткіштері бойынша іс жүзінде түскен жалдық төлемақы сомасынан - 20 пайыз» алынып тасталсын;
- 3 тармақта:
үшінші азатжол төмендегі редакцияда баяндалсын: «Мемлекеттік мүлікті жалға беруден түскен кіріс облыстық Қазынашылық департаменті басқармасының МФО 193601032, № 000080500 есеп-шотына аударылады, алушы - СҚО бойынша салық комитеті, РНН 480100000013, код 202301 «Мемлекеттік мүлікті жалға берудің түсімі», міндетте түрде, жергілікті бюджетке (республикалық мүлікті жалға алған жағдайда - республикалық бюджетке) деген белгісі болуы шарт. Мемлекеттік тұрғындық емес қорды жалға беруден түскен қаржыны есепке алу және оның түсімін бақылау Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетіне жүктелсін».
8 тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 1998 жылғы 30 сәуірдегі № 102 шешімімен бекітілген «Меммүлікті жалға алағаны үшін төлемдерді облыс бюджетіне есептеу жөніндегі уақытша тәртіп» күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Мүліктік жалдау орталығын қаржыландырудың төмендегі тәртібі белгіленсін: әр айдың 3-іне дейін Мүліктік жалдау орталығы салық комитетімен расталған, меммүлікті жалға алғаны үшін облыстық бюджетке түскен қаржы сомасы туралы облқаржыбасқармасына мәлімет береді. Облқаржыбасқармасы әр айдың 5-не дейін түскен соманың 10 пайызы көлеміндегі қаржыны келісім - шартқа қарай, Мүліктік жалдау орталығының есеп-шотына аударатын бағдарлама әкімшісі-облыстық әкімиятты қаржыландырады.
Тармақ 6
6. Осы әкімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан меммүлік және жекешелендіру аумақтық комитетіне жүктелсін.
Басқа 7
Солтүстік Қазақстан әкімінің
№ 82 «22» сәуір 1999 ж.
шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік тұрғындық емес үй-жайларды мүліктік жалдағаны үшін жалдық төлемақы есептеу ӘДІСТЕМЕСІ
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тұрғын емес қордың ғимараты (жайы) үшін алынатын толық жылдық жалдау ақысы алдыңғы жылда осы ғимарат (жайы) алынған жалдау ақысы деңгейінен кем болмай темендегі формула бойынша есептеледі:
Жт = Жб х Т,
осындағы:
Жт - жалдау ақысының толық жылдық сомасы (теңгемен);
Жб - нысанның 1 шаршы метрі үшін жалпы жылдық жалдау ақысы (теңге);
Т - жалға берілетін үйдің толық алаңы (шаршы метр).
1.1. 1 Шаршы метр алаңның жылдық жалдау ақысы былай анықталады:
Жб (бірлігі) = Бmin х Ки х К1 х К2 х К3 х Ко х 12,
осындағы:
Бmin - мемлекеттік тұрғындық емес қордың 1 шаршы метр алаңын жалдау ақысының ең төменгі базалық бірлігі, 1998 жылдың деңгейі бойынша айына 57 теңге болып қабылданады;
Ки - инфляция коэффициенті (жалға беру келісім-шарты жасалған күнге сәйкес ҚР Ұлттық талдау агентствосының керсеткіштері негізінде анықталады);
К1 - бұл үйдің жайлылығын, техникалық жағдайын және инженерлік жүйелер мен коммуникацияның дәрежесін ескеретін коэффициент;
К2 - бұл жалға алушының жұмыс түрін ескеретін коэффициент;
К3 - бұл аумақта (облыс аумағы бойынша) орналасуын ескеретін коэффициент;
Ко - бұл нысанның әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан жерін ескеретін коэффициент;
Тармақ 1.2
1.2. Үйдің жайлылық дәрежесін, техникалық жағдайын және инженерлік жүйелер мен коммуникациясын ескеретін коэффициент темендегі тәсілмен анықталады:
№
Үйдің жайлылық дәрежесі, техникалық жағдайы және үйдің ішіндегі инженерлік жүйелер мен коммуникация
К1 мөлшері
1
Жайлы (коммуналдық шаруашылықтың барлық жағдайлары бар)
1,6
2
Инженерлік коммуникацияларсыз (суық және ыстық судың жоқтығы бірақ электрмен қамту және жылумен қамтудың барлығы)
1,3
Тармақ 1.3
1.3. Жалға алушының жұмыс түрін ескеру коэффициентін анықтау:
№
ЖҰМЫС ТҮРІ
К1 мөлшері
1
2
3
1
Сауда саласында коммерциялық-сауданы, жабдықтау-откізу қызметі:
а) онеркәсіптік және аралас тауарлармен
ә) тамақтық тауарлармен
1,5
1,5
2
Банкілік және басқа ақша-қаржы операциялары, туризмді ұйымдастыру
1,4
3
Тұрғындарға қызмет көрсету:
а) шаштараздық, фотография, киімді және аяқ киімді жөндеу мен тігу,
ә) радио-телеаппартураларды және тұрмыстық техниканы жөндеу шеберханлары
0,8
1,0
4
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны:
а) 1-ші және 2-ші категориямен (мейманханалар және дәмханалар)
ә) 3-ші категориямен (асханалар, мектептегі асханалар, ас үй)
б) тамақтандыру залдары
1,5
0,35-0,5
0,5
5
Кондитерлік және кулинарлық өнімдерді және жартылай фабрикаттарды, тамақ онімдерін дайындау
1,0
6
Өнеркәсіптік туарлар өндірісі, ХТТ және ондірістік-техникалық бағыттағы тауарлар
0,8
7
Медициналық және емдеу-сауықтыру қызметтерін жасау
1,0
8
Қоғамдық істер
1,0
9
Басқа түрлер (офистер, қызмет орындары)
1,0
10
Қойма орындары, көлікжайлар
1,0
11
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер үшін
0,2
Тармақ 1.4
1.4. Аумақтық орналасу коэффициентін анықтау (облыс аумағы бойынша):
№
ОРНАЛАСУ ОРНЫ
КЗ мөлшері
1
Петропавл қаласы
1,3
2
Сергеевка қаласы
1,0
3
Бескөл поселкесі
1,0
4
Аудандар: Булаев, Жамбыл, Есіл, Қызылжар, Аққайың, Айыртау, Целинный, Тайынша, Ақжар, Сергеев, Мамлют
0,8
5
Аудандар: Тимирязев, Уәлиханов т.б. елді мекендер
0,5
Тармақ 1.5
1.5. Аумақтағы әкімшілік-аумақтық бірліктің орналасқан жерін ескере отырып, коэфициенттін анықтау:
№
Орналасқан жері
Ко мөлшері
Петропавл қаласы
1
Қаланың ортасы (Пушкин, Партизан, Осипенко, Алматы көшелеріндегі ғимараттар және вокзал маңындағы алаңдар)
1,5
2
19-шы және 20-шы мөлтек аудандар
1,3
3
«Рабочий», «Бензострой», «Заречный» поселкелері, «Промзона» ауданы және т.б.
1,1
Келісілді: