Құжат мәтініне өту

О проведении приписки к районному призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Есильского района" граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет

Өзге акт · № 3 · қабылданған 20.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45141/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О проведении приписки к районному призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Есильского района" граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 ·20.02.2009
14.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки к районному призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Есильского района" граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки к районному призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Есильского района" граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет
Атауы (қаз.)
Тіркеу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды "Есіл ауданының қорғаныс істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аудандық әскери шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
20.02.2009
Көрсетілген редакция
14.12.2009 45141_203104.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BK000100
ЭКБ идентификаторы
45141
Редакция идентификаторы
45141_203104
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:42

0 Тіркеу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды "Есіл ауданының қорғаныс істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аудандық әскери шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының осы тіркеу жүргізілген жылы 17 жасқа толып отырған, сонымен бірге бұрын шақыру учаскесіне тіркелмеген жасы үлкен азаматтарын әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін, алған мамандықтарын және дене бітімі дайындығының деңгейін анықтау мақсатында, аудан әкімі ШЕШТІ:

1 1. Тіркеу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды «Есіл ауданының қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық әскери шақыру учаскесіне тіркелуі 2009 жылдың қаңтар айынан наурыз айы аралығы кезеңдерінде жүргізілсін.

2 2. Есіл қалалық, Красногорский кенті, село және селолық округ әкімдері, сонымен бірге ұйым және барлық меншік түріндегі ұйымдар мен мекеме басшылары (келісімі бойынша):

1 1)тіркеу жүргізілу кезінде тіркелу жүргізілген жылы он жеті жасқа толып отырған ер азаматтарды жұмыстан (оқудан) босатсын;

2 2)жеке шақырылу қағаздарына сай әскери шақыру учаскесіне уақытында жеткізілуін қамтамасыз етсін.

3

3. Ақмола облысы Денсаулық сақтау мемлекеттік басқармасы «Есіл аудандық орталык ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (Қайсарбеков О.Қ.) (келісімі бойынша) әскери шақырылушылардың сапалы медициналық тексерілуі үшін медициналық комиссияны маман-дәрігерлер, медицина кабинеттерімен қамтамасыз ету, қажетті медикаменттер, медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылуы, әскери шақырылушылардың стационарлық тексеріліп емделуіне және ауырған жасөспірімдердің емделуі үшін аудандық ауруханадан 20 төсек-орын дайындалып қамтамасыз ету нұсқалсын.

4 4. Ақмола облысы Ішкі істер департаменті «Есіл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Каримов С.В.) (келісімі бойынша) әскери тіркелуден жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыры шегінде жүзеге асыру нұсқалсын.

5

5. Есіл ауданы әкімінің «1991 жылы туған азаматтардың Есіл аудандық шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу туралы» 2008 жылғы 12 ақпандағы № 3 Нормативті құқықты актілердің мемлекеттік тіркелу Аймақтық тізілімінде № 1-11-80 нөмірімен тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінің 2008 жылғы 17 наурыздағы нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылған деп танылсын.

6 6. Осы нормативтік құқықтық актінің кері кұші 2009 жылдың 1 қаңтардағы пайда болған қатынастарға қолданылады.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К.Ағымбаеваға жүктелсін.

8 8. Есіл ауданы әкімінің осы шешімі Есіл ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған бірінші күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН:
Ақмола облысы Денсаулық сақтау
Мемлекеттік басқармасы
«Есіл аудандық орталық аурухана»
мемлекеттік мекемесінің
бас дәрігері О.Қ.Қайсарбеков
Ақмола облысы Ішкі істер
департаменті «Есіл ауданы
ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы С.В.Каримов
«Есіл ауданы қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ж.Х.Меңбаев

Қолданыстағы