"Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Есильского района"
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 14/4
·
22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Есильского района"
- Атауы (қаз.)
- Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/4
- Қабылданған күні
- 27.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.08.2017 45142_230535.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.08.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BK000101
- ЭКБ идентификаторы
- 45142
- Редакция идентификаторы
- 45142_230535
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:39
0 Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабын негізге ала отырып, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қызметін Есіл ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін, айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін:
1 1) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
2 2) бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш;
3 3) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 3 айлық есептік көрсеткіш;
4 4) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 4 айлық есептік көрсеткіш;
5 5) ойын жолы – 5 айлық есептік көрсеткіш;
6 6) карт – 4 айлық есептік көрсеткіш.
2 2. Осы шешім Ақмола облысы Есіл ауданы әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны бірінші ресми жариялаған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3
3. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданы аумағындағы тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 32/5 шешімнің күші жойылды деп танылсын ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 1-11-58 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 8 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған).
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі С.Ерин
Есіл ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы Т.Салықбаев