Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест

Қаулы · № 41 · қабылданған 03.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45147/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест Күшін жойған Қаулы ·№ 41 ·03.03.2009
20.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест

Күшін жойған Қаулы ·№ 41 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
41
Қабылданған күні
03.03.2009
Көрсетілген редакция
20.04.2010 AI45147_4.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KM000061
ЭКБ идентификаторы
45147
Редакция идентификаторы
AI45147_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:37

0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қала, кент және селолық округ әкімдеріне "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру тапсырылсын.

2

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан аудан ұйымдарына "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, сонымен қатар келісім-шартқа сәйкес 6 (алты) ай мерзіміне дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру ұсынылсын.

3

3. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын. Он бес мың теңге сомасы көлемінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50 (елу) пайыз еңбек ақысын қабылдаған ұйымға өтесін. Қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады.
4. Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-102 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар", 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.

5 5. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы" N 3 Қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 8-13-42 санмен тіркелген, 2008 жылғы 23 ақпандағы N 15-16 "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы