Об оказании социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны
Күшін жойған
Қаулы
·№ 34
·
23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 26.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2014 AI45152_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SI000089
- ЭКБ идентификаторы
- 45152
- Редакция идентификаторы
- AI45152_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:39
0 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабы 1-тармағына 14-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 «Ұлы Отан соғысына
қатысушылар мен мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды
әлеуметтік қорғау және көрсетілетін жеңілдіктер туралы» заңының 20-бабына және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 207 «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне
әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек).
2 2. Әлеуметтік көмек ай сайын ақшалай жергілікті бюджет есебінен көрсетіледі.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Қалиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.