Қолданыстағы ред. 27.04.2011

Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы от 16.03.2009 г. № 03/03 (Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы)

0

Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын жұмыс берушілердің тізімі, ондағы жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.

3

3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Абеуоваға жүктелсін.

4

4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
бастығы
___________ А. Түсіпбеков

5. Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 16 наурыздағы
N 03/03 қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі
N
Ұйымдар атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс орындарының саны
Бюджеттен 50 % еңбек ақыға төленетін қаржы (теңге)
1
"Аққайың" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Ауыз су құбырларын жөндеу жұмыстары
3
116180
2
"Бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Халықтың бос уақыт өткізуін ұйымдастыруға көмек
1
40410
3
Жеке кәсіпкер Б. Анықбекова
Ұн тағамдарын пісіруге көмек
1
40410
5
197000