Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын жұмыс берушілердің тізімі, ондағы жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Абеуоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы ___________ А. Түсіпбеков
Басқа 5. Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 03/03 қаулысына қосымша Ақтоғай ауданы бойынша 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі N Ұйымдар атауы Жұмыс түрлері Жұмыс орындарының саны Бюджеттен 50 % еңбек ақыға төленетін қаржы (теңге) 1 "Аққайың" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Ауыз су құбырларын жөндеу жұмыстары 3 116180 2 "Бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Халықтың бос уақыт өткізуін ұйымдастыруға көмек 1 40410 3 Жеке кәсіпкер Б. Анықбекова Ұн тағамдарын пісіруге көмек 1 40410 5 197000