Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций и Правил субсидирования стоимости универсальных услуг телекоммуникаций

Қаулы · № 451 · қабылданған 31.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45230/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций и Правил субсидирования стоимости универсальных услуг телекоммуникаций Күшін жойған Қаулы ·№ 451 ·31.03.2009
02.05.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций и Правил субсидирования стоимости универсальных услуг телекоммуникаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 451 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня универсальных услуг телекоммуникаций и Правил субсидирования стоимости универсальных услуг телекоммуникаций
Атауы (қаз.)
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
451
Қабылданған күні
31.03.2009
Көрсетілген редакция
02.05.2017 AI45230_6.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000451_
ЭКБ идентификаторы
45230
Редакция идентификаторы
AI45230_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:29

0 Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы

"Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі;

2 2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 630-құжат);

2 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 31, 329-құжат);

3

3) "Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы N 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 492-құжат).

3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі

­Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2009 жы­л­ғы 31 на­уры­зда­ғы
N 451 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі
Р/с №
Әм­бе­бап қыз­мет­тер­дің ата­уы
Қол­же­тім­ді­лік дең­гейі
1
2
3
1.
Жер­гі­лік­ті те­ле­фон бай­ла­ны­сы қыз­мет­те­рі
Ел­ді ме­кен­дер­де* же­ке** және/неме­се ұжым­дық*** қол­же­тім­ді­лік ұй­ы­мы
2.
Ин­тер­нет же­лі­сіне ке­мін­де 1024 Кбит/с қо­сы­лу жыл­дамды­ғы­мен же­ке** сым­сыз қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі (01.01.2015 жыл­дан ба­стап ке­мін­де 1536 Кбит/с)
Ел­ді ме­кен­дер­де*:
2013 жы­лы аудан ор­та­лы­ғы мәр­те­бе­сі бар және одан жо­ға­ры;
2014 жы­лы тұр­ғын­дар са­ны 3000 және одан да көп;
2015 жы­л­ға қа­рай бар­лық ел­ді ме­кен­дер­де*
3.
Ин­тер­нет же­лі­сіне ке­мін­де 1024 Кбит/с қо­сы­лу жыл­дамды­ғы­мен ұжым­дық*** қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі
Ел­ді ме­кен­дер­де*:
2013 жы­лы тұр­ғын­дар са­ны 3000 және одан да көп;
2014 жы­лы тұр­ғын­дар са­ны 1000 және одан да көп;
2015 жы­л­ға қа­рай бар­лық ел­ді ме­кен­дер­де*
Ескертпе:
* Елді мекен "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес айқындалады.
** Жеке қолжетімділік:

1 1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін абоненттік желіні телефон желісіне қосу арқылы іске асырылады;

2 2) Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметін көрсету үшін абоненттік құрылғыны ұсынумен сымсыз арнайы ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

*** Ұжымдық қолжетімділік:

1 1) жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін мынадай тәсілдердің бірімен іске асырылады:

таксофондарды орнату;
осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі еңбек туралы заңнамаға сәйкес айқындалады);

2 2) Интернет желісіне ұжымдық қолжетімділік қызметтерін көрсету үшін осы қызметке ұжымдық қолжетімділік пункттерін ұйымдастыру арқылы (телекоммуникация қызметтеріне ұжымдық қолжетімділік пункттері жұмысының режимі Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес айқындалады) іске асырылады.

1 Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2009 жы­л­ғы 31 на­уры­зда­ғы
N 451 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету кезінде әмбебап қызмет көрсету операторы (бұдан әрі - Оператор) шеккен шығындарды өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау тәртібін (бұдан әрі - Субсидиялар) анықтайды.

2

2. Селолық елді мекендерде телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар, егер бұл конкурс нәтижелерімен немесе телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді осы аумақта ортақ пайдаланатын телекоммуникация желілерінің үстем байланыс операторына шарт негізінде жүктеу талаптарымен айқындалған болса, субсидиялануға тиіс.

3 3. Қалаларда телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдар субсидияланбайды.

4 4. Субсидиялар мөлшерін айқындау кезінде Оператор қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін (бұдан әрі - бөлек есеп) жүзеге асыруға міндетті.

5

5. Қызмет түрлері бойынша, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, субсидиялар мөлшері конкурстың нәтижелері бойынша немесе үстем байланыс операторына телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттемелерді жүктеу талаптарымен анықталады.

6

6. Субсидиялар мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) Оператордың бөлек есебінің деректерін ескере отырып айқындайды.
Бөлек есептің деректерін нақтылау үшін уәкілетті орган Оператордан ол тиісті сұрауды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынатын ақпаратты сұрайды.

2 2. Субсидиялар төлеу тәртібі

7

7. Операторға төленетін субсидиялар мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауы қажет және телекоммуникацияның залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден болған шығыстар мен нақты кірістер арасындағы айырма ретінде айқындалады. Нақты кірістер шығыстардан асып түсетін телекоммуникацияның әмбебап қызмет түрлерінің кірісі субсидияланбайды.

8 8. Операторларға субсидиялар уәкілетті орган мен Оператор арасында ағымдағы жылға арналған телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсетуге жасалған шарттың (бұдан әрі - Шарт) негізінде тоқсан сайын нақты көрсетілген телекоммуникацияның әмбебап қызметтері көлеміне төленеді.

9

9. Телекоммуникацияның көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері, көлемі және сапасы туралы деректер осы Ережеге 1-қосымша түрінде ресімделеді және оны Оператор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 15-күніне дейін ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін беріледі.

10 10. Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін Операторға залалдарды өтеу үшін Уәкілетті орган осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес субсидиялар мөлшері туралы ведомость жасайды.

11

11. Уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 22-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына Операторға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеу үшін субсидиялар мөлшері туралы ведомость пен төлем шотын ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 20 желтоқсанына дейін беріледі.

2 Телекоммуникацияның жеке қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы 20__жылғы____тоқсандағы деректер

Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­ның
әм­бе­бап қыз­мет­те­рі­нің
құ­нын суб­си­ди­я­лау ере­же­сіне
1-қо­сым­ша
Телекоммуникацияның жеке қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы 20__жылғы____тоқсандағы деректер
Опе­ра­тор жұ­мысы­ның өңі­рі
Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­ның әм­бе­бап қыз­ме­ті­нің ата­уы
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер кө­ле­мі, та­риф­теу бір­лік­те­рін­де
Нақ­ты кі­рі­стер, мың тең­ге
1
2
3
4
Жер­гі­лік­ті те­ле­фон бай­ла­ны­сы қыз­мет­те­рі
Ин­тер­нет же­лі­сіне ке­мін­де 1024 Кбит/с қо­сы­лу жыл­дамды­ғы­мен же­ке сым­сыз қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі
Бар­лы­ғы:
Оператор _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ___________________
Телекоммуникацияның ұжымдық қолжетімділік арқылы көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері мен көлемі туралы 20___жылғы_______тоқсандағы деректер
Опе­ра­тор жұ­мысы­ның өңі­рі
Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­ның әм­бе­бап қыз­ме­ті­нің ата­уы
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер кө­ле­мі, та­риф­теу бір­лік­те­рін­де
Нақ­ты кі­рі­стер, мың тең­ге
1
2
3
4
Жер­гі­лік­ті те­ле­фон бай­ла­ны­сы қыз­мет­те­рі
Ин­тер­нет же­лі­сіне ке­мін­де 1024 Кбит/с қо­сы­лу жыл­дамды­ғы­мен ұжым­дық қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі
Бар­лы­ғы:
Оператор _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә. ______________________
20__ жылғы ____ тоқсандағы телекоммуникацияның көрсетілген әмбебап қызметтерінің сапасы туралы деректер
Р/с

Көр­сет­кіш­тің ата­уы / нор­ма­тив
Өл­шем бір­лі­гі
Нақ­ты мәні
1
2
3
4
1
Нор­ма­тив­тік мер­зім­де­рі бұ­зы­лып қа­рал­ған өті­ніш­тер са­ны – 15 күн
бір­лік
2
Нор­ма­тив­ті аса­тын мер­зім­де­ре жүр­гі­зі­л­ген қо­сы­лы­стар­дың са­ны (да­уы­сты те­ле­фо­ния) – 30 күн­нен асыр­май
бір­лік
3
Есеп­ті ке­зең­де жой­ы­л­ған за­қым­да­ну­лар­дың са­ны (да­уы­сты те­ле­фо­ния), оның ішін­де:
бір­лік
1
кә­біл­дік – 120 са­ғат
бір­лік
2)
же­лі­лік-або­нент­тік – 24 са­ғат
бір­лік
3)
стан­ци­я­лық – 60 ми­нут
бір­лік
4
Нор­ма­тив­тік мер­зім­нен аса­тын мер­зім­дер­де жой­ы­л­ған за­қым­да­ну­лар­дың са­ны (да­уы­сты те­ле­фо­ния), оның ішін­де:
бір­лік
1)
кә­біл­дік – 120 са­ғат
бір­лік
2)
же­лі­лік-або­нент­тік – 24 са­ғат
бір­лік
3)
стан­ци­я­лық – 60 ми­нут
бір­лік
5
Нор­ма­тив­тік мер­зім­нен аса­тын мер­зім­дер­де жой­ы­л­ған за­қым­да­ну­лар­дың пай­ы­зы (да­уы­сты те­ле­фо­ния) – есеп­ті ке­зең­де­гі бар­лық за­қым­да­ну­лар­дың 2 %-ынан көп емес
%
6
Нор­ма­тив­тік мер­зім­нен аса­тын мер­зім­дер­де жүр­гі­зі­л­ген қо­сы­лы­стар­дың са­ны (Ин­тер­нет) – 30 күн­нен көп емес
бір­лік
7
Есеп­ті ке­зең­де жой­ы­л­ған за­қым­да­ну­лар­дың са­ны (Ин­тер­нет), оның ішін­де:
бір­лік
1)
стан­ци­я­лық – 24 са­ғат
бір­лік
2)
тер­ми­нал­дық – 24 са­ғат
бір­лік
8
Нор­ма­тив­тік мер­зім­нен аса­тын мер­зім­дер­де жой­ы­л­ған за­қым­да­ну­лар­дың са­ны (Ин­тер­нет), оның ішін­де:
бір­лік
1)
стан­ци­я­лық – 24 са­ғат
бір­лік
2)
тер­ми­нал­дық – 24 са­ғат
бір­лік
9
Нор­ма­тив­тік мер­зім­нен аса­тын мер­зім­де жой­ы­л­ған за­қым­да­ну­лар­дың пай­ы­зы (Ин­тер­нет) – есеп­ті ке­зең­де­гі бар­лық за­қым­да­ну­лар­дың 2 %-ынан көп емес
%

3 Операторға жеке қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы 20__жылғы_____тоқсанға арналған ведомость

Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­ның
әм­бе­бап қыз­мет­те­рі­нің
құ­нын суб­си­ди­я­лау ере­же­сіне
2-қо­сым­ша
Операторға жеке қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы 20__жылғы_____тоқсанға арналған ведомость
Опе­ра­тор жұ­мысы­ның өңі­рі
Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­ның әм­бе­бап қыз­ме­ті­нің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің өзін­дік құ­ны, тең­ге
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер кө­ле­мі, та­риф­теу бір­лік­те­рін­де
Шы­ғы­стар, мың тең­ге (3*4)
Нақ­ты кі­рі­стер, мың тең­ге
Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі, мың тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
Жер­гі­лік­ті те­ле­фон бай­ла­ны­сы қыз­мет­те­рі
Ин­тер­нет же­лі­сіне ке­мін­де 1024 Кбит/с қо­сы­лу жыл­дамды­ғы мен же­ке сым­сыз қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі
Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі­нің жиы­ны, мың тең­ге
Уәкілетті орган _____________
Уәкілетті адамның Т.А.Ә.______________
Операторға ұжымдық қолжетімділік арқылы телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеуге арналған субсидиялар мөлшері туралы 20__жылғы____тоқсанға арналған ведомость
Опе­ра­тор жұ­мысы­ның өңі­рі
Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­ның әм­бе­бап қыз­ме­ті­нің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің өзін­дік құ­ны, тең­ге
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер кө­ле­мі, та­риф­теу бір­лік­те­рін­де
Шы­ғы­стар, мың тең­ге (3*4)
Нақ­ты кі­рі­стер, мың тең­ге
Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі, мың тең­ге
1
2
3
4
5
6
7
Жер­гі­лік­ті те­ле­фон бай­ла­ны­сы қыз­мет­те­рі
Ин­тер­нет же­лі­сіне ке­мін­де 1024 Кбит/с қо­сы­лу жыл­дамды­ғы мен же­ке сым­сыз қол­же­тім­ді­лік қыз­мет­те­рі
Суб­си­ди­я­лар мөл­ше­рі­нің жиы­ны, мың тең­ге
Уәкілетті орган _______
Уәкілетті адамның Т.А.Ә.__________

Қолданыстағы