Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам

Қаулы · № 512 · қабылданған 14.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45261/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам Күшін жойған Қаулы ·№ 512 ·14.04.2009
17.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам

Күшін жойған Қаулы ·№ 512 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
512
Қабылданған күні
14.04.2009
Көрсетілген редакция
17.08.2023 45261_650405.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000512_
ЭКБ идентификаторы
45261
Редакция идентификаторы
45261_650405
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:23

0 Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы

"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 36-бабы 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің мөлшері қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде белгіленсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 34, 455-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 616-құжат);

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі N 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 212-құжат).

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
N 512 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы - осы Ережеге сәйкес тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған ақшалай өтемақы;

2) абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген, байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға;

3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті жүргізу, жергілікті бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган.

5) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы.

2. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу тәртібі

3. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы көтерілуіне өтемақы төлеу, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілетті органдары бекіткен, шығыстардың жол берілетін деңгейінен асатын көлемде осы жергілікті жерде тұрақты өмір сүретін күн көрісі төмен отбасыларға (азаматтарға) ұсынылатын тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асырылады.

4. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін абонент тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттармен тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға жүгінеді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін абонент жергілікті өкілді органдар бекітетін құжаттардың негізгі тізбесіне абонент болып табылатынын растайтын құжатты (шарт не телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек - шот) қоса береді.

5. Уәкілетті орган әр айдың 5-күніне дейінгі мерзімде өткен ай үшін әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеуге ақшалай қаражат қажеттілігін жасайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

6. Аумақтық қазынашылық органдарына әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу үшін қаражатты аудару кезінде уәкілетті орган төлеуге арналған шотты төлемдердің кезеңі мен сомасын көрсетумен абоненттердің тізімін қоса бере отырып ұсынады.

7. Уәкілетті орган тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне төленген өтемақы сомасы жөнінде ақпарат береді.

Қолданыстағы