Құжат мәтініне өту

Об установлении ставок фиксированного налога для индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность по оказанию услуг

Өзге акт · № 112/15 · қабылданған 31.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45279/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении ставок фиксированного налога для индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность по оказанию услуг Күшін жойған Өзге акт ·№ 112/15 ·31.03.2009
13.11.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ставок фиксированного налога для индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность по оказанию услуг

Күшін жойған Өзге акт ·№ 112/15 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ставок фиксированного налога для индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность по оказанию услуг
Атауы (қаз.)
Қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салық ставкасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
112/15
Қабылданған күні
31.03.2009
Көрсетілген редакция
13.11.2013 AI45279_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PB000107
ЭКБ идентификаторы
45279
Редакция идентификаторы
AI45279_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:29

0 Қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салық ставкасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422-бабының 2 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салық ставкасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 23 ақпандағы "Ойын автоматтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық пен акциздер тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" № 88/12 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 2903 болып тіркелген, 2005 жылдың 17.03 күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 12 нөмірінде жарияланған), 2005 жылғы 23 қарашадағы "Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 23 ақпандағы "Ойын автоматтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық пен акциздер тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" № 88/12 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 147/20 (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 12-2-19 болып тіркелген, 2005 жылдың 23.12 күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 52 нөмірінде жарияланған), 2007 жылдың 5 ақпандағы "Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 23 ақпандағы "Ойын автоматтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық пен акциздер тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" № 88/12 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 238/32 (нормативтік құқықтық актілер тіркеу мемлекеттік Реестірінде № 12-2-61 болып тіркелген, 2005 жылдың 21.03. күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің 13 нөмірінде жарияланған), 2005 жылғы 14 желтоқсандағы "Ақша ұтысынсыз ойын үстелдеріне (бильярд) қызмет көрсететін кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне арнайы салық тәртібін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгілеген жиынтық салығының ұтыс мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу Реестірінде № 12-2-23 болып тіркелген, 2006 жылдың 01. 01. күні қалалық "Ақжол - Новый путь" газетінің № 1 жарияланған) № 155/22 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5 Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы

31 наурыздағы № 112/15 шешіміне
қосымша
Салық объекті
Белгіленген салық ставкасы (айлық есеп көрсеткіштері бойынша)
Ойын өткізу үшін пайдалыналатын дербес компьютерлерге
бір айға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш
Бильярд үстеліне
Бір айға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш

Қолданыстағы