Құжат мәтініне өту

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны на территориях Алматинского зоологического парка и подсобного хозяйства храма Параскева с введением ограничительных мероприятий

Қаулы · № 3/220 · қабылданған 03.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45304/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны на территориях Алматинского зоологического парка и подсобного хозяйства храма Параскева с введением ограничительных мероприятий Күшін жойған Қаулы ·№ 3/220 ·03.04.2009
18.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны на территориях Алматинского зоологического парка и подсобного хозяйства храма Параскева с введением ограничительных мероприятий

Күшін жойған Қаулы ·№ 3/220 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны на территориях Алматинского зоологического парка и подсобного хозяйства храма Параскева с введением ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Алматы хайуанаттар саябағы мен Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумақтарында карантиндік аймақтың ветеринарлық режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/220
Қабылданған күні
03.04.2009
Көрсетілген редакция
18.05.2009 45304_174451.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09R000814_
ЭКБ идентификаторы
45304
Редакция идентификаторы
45304_174451
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:28

0 Алматы хайуанаттар саябағы мен Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумақтарында карантиндік аймақтың ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339-ІІ Заңының 10 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары К.Әлиевтің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 02-16/367 ұсынысы негізінде, Алматы хайуанаттар саябағы аумағында және Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумағында жануарлардың қауіпті пастереллез ауруының таралу эпизоотикалық ошағын оқшаулау және жою мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Алматы хайуанаттар саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны аумағында мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Есенберлин көшесі, 166 және Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумағында мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Жансүгіров көшесі, 500 «в» карантиндік режим мен шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантиндік аймақтың ветеринарлық режимі белгіленсін.

2 2. Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ауылшаруашылық бөлімі Алматы хайуанаттар саябағы мен Параскева шіркеуінің қосалқы шаруашылығы аумағында жануарлардың қауіпті пастереллез ауруының таралу эпизоотикалық ошағын оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізсін.

3

3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы», қаланың Медеу және Жетісу аудандарының әкімдіктері пастереллездің эпизоотикалық ошағын толығымен жою кезінде осы қаулының орындалғаны туралы қала әкімдігіне ақпарат берсін.

4 4. Осы қаулы Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Шормановқа жүктелсін.

Қолданыстағы