Құжат мәтініне өту

О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Целинная машиноиспытательная станция" из республиканской собственности в коммунальную собственность Акмолинской области

Қаулы · № 542 · қабылданған 17.04.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45316/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Целинная машиноиспытательная станция" из республиканской собственности в коммунальную собственность Акмолинской области Қолданыста Қаулы ·№ 542 ·17.04.2009
28.08.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Целинная машиноиспытательная станция" из республиканской собственности в коммунальную собственность Акмолинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 542 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче государственной доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Целинная машиноиспытательная станция" из республиканской собственности в коммунальную собственность Акмолинской области
Атауы (қаз.)
"Тың машина сынау станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
542
Қабылданған күні
17.04.2009
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI45316_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000542_
ЭКБ идентификаторы
45316
Редакция идентификаторы
AI45316_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:22

0 "Тың машина сынау станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Тың машина сынау станциясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесі республикалық меншіктен заңнамада белгіленген тәртіппен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 сәуірдегі
N 542 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер

1 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

1 1) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

"Ақмола облысы" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 68-8-жолмен толықтырылсын:
"68-8. "Тың машина сынау станциясы" ЖШС";

2 2) акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

"Ақмола облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-4-жол алынып тасталсын.

2 2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :

көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 205-4-жол алынып тасталсын.

3 3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Акционерлік қоғамдар" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 65-жол алынып тасталсын.

4 4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

5 5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қолданыстағы