Құжат мәтініне өту

О квотировании рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 33/2 · қабылданған 12.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45323/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О квотировании рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 33/2 ·12.03.2009
05.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О квотировании рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 33/2 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О квотировании рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерге жұмыс орындарын үлестіру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33/2
Қабылданған күні
12.03.2009
Көрсетілген редакция
05.03.2010 AI45323_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PM000080
ЭКБ идентификаторы
45323
Редакция идентификаторы
AI45323_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:35

0 Мүгедектерге жұмыс орындарын үлестіру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бап 1 тармағының 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бап 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 5-2 тармақшаларына сәйкес жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын үлестіру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ауданның кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарына қосымшаға сәйкес жалпы жұмыс орындарының үш пайыз мөлшерінде үлесі белгіленсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Теміржанова Гүлстан Сағынтайқызына жүктелсін.

5 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын үйлестіру жөнінде НҰСҚАУ

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 наурыздағы
№ 33/2 қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарын үйлестіру жөнінде
НҰСҚАУ
Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес әзірленді.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Жұмысқа орналастыруда және жұмысқа алуда көмекке мұқтаж мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ең аз мөлшердегі үлестірілген жұмыс орындары белгіленеді.

2 2. Нұсқауда төмендегі негізгі ұғымдар қолданылады:

үлестірілген жұмыс орындары (үлес) – ол кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдарда жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектерге арналған жұмыс орнының үлесі (бөлігі);
жұмыс беруші – аудан аумағында іс әрекет ететін кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар (республикалық бюджеттен басқа қаржыландырылатын), жеке тұлғалар;
жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органы – аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етуші жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары.

2 2. Үлесті белгілеу тәртібі және шарты

3 3. Үлес бойынша нақты ұсыныстар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектер саны мен аймақтағы жұмыс күшіне сұранысты болжау және сараптау негізінде әзірленеді.

4 4. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органы ұсынған ұсыныстар және тиісті қаулы негізінде аудан әкімдігі ауданда орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарына үлес және оны енгізу мерзімін белгілейді.

Үлесті анықтау кезінде мүгедектердің жас шамасы, жыныстық құрамы, мамандығы және кәсіптік шеберлік деңгейі, дәрігерлердің ұсыныстары-әлеуметтік сараптама, сонымен қатар кәсіпорындағы, мекеме және ұйымдағы жұмыс кестесі, сипаттамасы және жұмыстың әлеуметтік-тұрмыстық шарттары ескеріледі.

5 5. Қабылданған шешім туралы жұмыс берушілерге хабарланады.

6 6. Жұмыс берушілер белгіленген үлеске сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұйымдастырады немесе керекті жұмысшылар санын береді.

7 7. Жұмыс орындарына жұмысқа орналасу жұмыспен қамтуды жүзеге асыратын өкілетті органның жолдамасы негізінде жүргізіледі.

3 3. Мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілердің іс әрекеті

8 8. Жұмыс беруші жұмыспен қамту бойынша өкілетті органы жіберген азаматтарды мүгедектерге арнайы белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа қабылдайды.

9 9. Жұмыс берушілер кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес босаған немесе белгіленген үлес деңгейіндегі жұмыс орындары туралы жұмыспен қамту жөнінде өкілетті органдарына үш күн мерзімінде ақпарат береді.

10 10. Ай сайын жұмыс берушілер жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарға үлес бойынша бөлінген жұмыс орындарын толтыру туралы ақпарат береді.

11 11. Үлес бойынша бөлінген жұмыс орындарын толтыруды бақылауға алу жұмыспен қамту бойынша өкілетті органы, жергілікті атқарушы, мемлекеттік еңбек инспекциясы жүзеге асырады.

20 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 наурыздағы
№ 33/2 қаулысына
қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру
үшін арнайы жұмыс орындарын
ұйымдастыратын мекемелердің тізбесі

Ауылдық округ атаулары
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
Мамандығы
Іске қосу мерзімі 2009 жыл
1
Галкино ауылдық округі
"Ертіс орманы" МОТҚ ММ келісім бойынша
күзетші
сәуір - мамыр
2
Чигиринов ауылдық округі
"Ертіс орманы" МОТҚ ММ келісім бойынша
күзетші
сәуір - мамыр
3
Александровка ауылдық округі
"Абай" ЖШС келісім бойынша
жұмысшы
мамыр - маусым
4
Алексеевка ауылдық округі
"Алексеевское" ЖШС келісім бойынша
жұмысшы
маусым - шілде
5
Шарбақты ауылы
"Шығыс жолдары" ЖШС келісім бойынша
күзетші
мамыр - шілде
6
Шарбақты ауылы
"Болашақ" ЖШС келісім бойынша
күзетші
маусым - тамыз
Барлығы
5 кәсіпорын
6 жұмыс орны

Қолданыстағы