Құжат мәтініне өту

О стоимости разовых талонов и ставкам фиксированного налога по отдельным видам деятельности

Өзге акт · № 16/105 · қабылданған 13.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45327/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О стоимости разовых талонов и ставкам фиксированного налога по отдельным видам деятельности Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/105 ·13.04.2009
20.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О стоимости разовых талонов и ставкам фиксированного налога по отдельным видам деятельности

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/105 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О стоимости разовых талонов и ставкам фиксированного налога по отдельным видам деятельности
Атауы (қаз.)
Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және белгіленген салық мөлшерлемелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/105
Қабылданған күні
13.04.2009
Көрсетілген редакция
20.06.2011 AI45327_4.kaz
Соңғы өзгеріс
20.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SF000114
ЭКБ идентификаторы
45327
Редакция идентификаторы
AI45327_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:24

0 Жекелеген қызмет түрлері бойынша біржолғы талондардың құны және

белгіленген салық мөлшерлемелері туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодексінің 422-бабына сәйкес Есіл ауданы бойынша Салық басқармасымен өткізілген хронометрлік тексерулер мен зерттеулердің орта күндік мәліметтері негізінде аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының базарларында тауарларды сатумен айналысатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін, 1-қосымшаға сәйкес.

1.1 1.1. 1.1-қосымшаға сәйкес эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны бекітілсін.

2 2. Бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке

кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін белгіленген салықтың бірыңғай
мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Аудандық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1 1) Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 154 «Жекелеген төлем түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» шешімі, 2005 жылдың 29 желтоқсанында № 13-6-21 нөмірімен мемлекеттік тіркеу тізілімінің өңірлік тарауында тіркелген.

2 2) Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 23 тамыздағы № 201 «Жекелеген төлем түрлері бойынша ставкаларды бекіту туралы» шешімі, 2006 жылдың 25 қыркүйегінде № 13-6-31 нөмірімен мемлекеттік тіркеу тізілімінің өңірлік тарауында тіркелген.

4 4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

8 Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 13 сәуірдегі
№ 16/105 шешіміне 1-қосымша
Есіл ауданының базарларында тауарларды сатумен айналысатын
тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға біржолғы талондардың құны
Р/с

Сатылатын тауарлар түрлері
Біржолғы талонның құны теңгеде
1
Тауарларды сату, соның ішінде: гүлдерді сату;
ет өнімдерін сату;
көкөністер мен жемістерді сату;
өнеркәсіптік тауарлар
318
382
318
250

9 Аудандық мәслихаттың шешіміне

2009 жылғы 27 шілдедедгі № 20/121
1.1-қосымша
Эпизоттық сипаты бар қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
үшін біржолғы талондардың құны
Р/с

Қызмет түрлері
Біржолғы талонның құны теңгеде
1
Тұқымдарды, сондай-ақ егу материалдарын (көшеттерді) сату
160
2
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызметтері
318
3
Үй жануарларын бағу
187

10 Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 13 сәуірдегі
№ 16/105 шешіміне 2-қосымша
Айына салық салу бірлігіне белгіленген салық мөлшерлемелері
Р/с

Салық салу нысаналарының атауы
Белгіленген салықтың базалық мөлшерлеме- лерінің мөлшерлері
(айлық есептік көрсеткіштерде)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары
1
2
Бір ойыншыдан артық ойыншының қатысуымен ойын
өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматтары
1
3
Ойын өткізуге арналған персоналды компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Қарт
2
6
Бильярд үстелі
3

Қолданыстағы