О льготном проезде на городском общественном транспорте (кроме такси) для обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на городском общественном транспорте (кроме такси) для обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения
- Атауы (қаз.)
- Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15-10
- Қабылданған күні
- 31.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.03.2010 45328_163740.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09ZA000134
- ЭКБ идентификаторы
- 45328
- Редакция идентификаторы
- 45328_163740
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:29
0 Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, 47 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру құқығы берілсін.
2
2. Орал қаласының 2009 жылға арналған бюджетінен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының "Жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру" 100 кіші бағдарламасы, "Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлерді әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008. бағдарламасы бойынша 110 412 (жүз он миллион төрт жүз он екі) мың теңге сомасында қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
3 3. Орал қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
4
4. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы" 2008 жылғы 31 наурыздағы N 6-10 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-86 тіркелген, 2008 жылғы 1 мамырда "Жайық үні" газетінде және 2008 жылғы 17 сәуірде "Пульс города" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.