"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 146
- Қабылданған күні
- 27.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2012 · қолданыстағы 45334_215849.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09L0004225
- ЭКБ идентификаторы
- 45334
- Редакция идентификаторы
- 45334_215849
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:31
0 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қызылорда облыстық мәслихатының
2009 жылғы 26 маусымдағы
N 162 шешіміне қосымша
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесі
1
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру - қоғамдық өмірдің салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірген мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет және әдебиет, өнер қайраткерлерін еліміздің, облыстың (қаланың, ауданның) игілігі жолындағы көп жылғы қызметін мадақтаудың бір түрі болып табылады.
2
2. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы (бұдан әрі - атақ) Қазақстан Республикасының, облыстың (қаланың, ауданның) экономикалық-әлеуметтік, мәдени-рухани, өнер, ғылым салаларының дамуына, қайырымдылық жасау қызметінде үлгі көрсетіп, азаматтар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға қосқан қомақты үлесі мен ерекше жетістіктер үшін облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат шешімімен беріледі.