Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 555
- Қабылданған күні
- 20.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2015 AI45347_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000555_
- ЭКБ идентификаторы
- 45347
- Редакция идентификаторы
- AI45347_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:22
0 Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 70-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі бекітілсін.
2 2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.05 N 801 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі
N 555 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесі
1 1. Осы Ереже мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың ақылы қызметтер көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін анықтайды.
2 2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелер (мемлекеттік
кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар) заңды және
жеке тұлғаларға өздерінің негізгі қызметіне қатысы жоқ ақылы қызметтер көрсетеді.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың) ақылы негізде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) ұсынуы сатып алынатын тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) құны және/немесе көлемі көрсетілген растаушы құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар және басқалар) бойынша жүзеге асырылады.
3 3. Мемлекеттік кітапханалар ақылы қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:
1 1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
2 2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;
3 3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;
4 4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;
5 5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;
6 6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;
7 7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;
8 8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
9 9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;
10 10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;
11 11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
4 4. Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар ақылы қызметтердің мынадай түрлерін көрсетеді:
1 1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;
2 2) байланыс оператормен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;
3 3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;
4 4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;
5 5) мұражайлар мен мұражай-қорықтар шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.
5 5. Осы Ереженің 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалады.
6 6. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың) ақылы негізде ұсынылатын тауарларының (жұмыстарының және қызметтерінің) бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуі тиіс.
7 7. Ақылы қызметтер көрсетуден түсетін қаражатқа салық салу тәртібі және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
8
8. Заңда көзделген мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражат мемлекеттік кітапханалардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін, өздерінің иелігінде қалатын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке алынады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмсалады.