О внесении дополнения в решения районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решения районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 27.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.03.2013 AI45423_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.03.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CH000083
- ЭКБ идентификаторы
- 45423
- Редакция идентификаторы
- AI45423_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:31
0 Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтыру еңгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 41 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 126 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының қабылдануына байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы № 81 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 "2009 жылға арналған Мәртөк ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (№ 3-8-78 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған); 2009 жылғы 19 ақпандағы № 83 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 61 "Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (№ 3-8-79 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған); 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 "Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы" (№ 3-8-80 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған) шешімдеріне мынадай толықтыру енгізілсін:
мәтінінде "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздер "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.