Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Абайском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Абайском районе
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/151
- Қабылданған күні
- 19.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2012 AI45446_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KI000057
- ЭКБ идентификаторы
- 45446
- Редакция идентификаторы
- AI45446_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:33
0 Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы
Абай ауданында иттер мен мысықтарды санитарлық ұстауды ретке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ұсынылған Ережесі бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Абай ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық
-эпидемиологиялық қадағалау"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Г. Дәуітпаева
"Абай ауданының ауыл
шаруашылық бөлімі" ММ
бастығының міндетін атқарушы
М. Көлбаев
Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылық Министрлігінің
агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция Комитетінің
Абай аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
М. Нұрбеков
Абай ауданы ішкі істер
басқармасының бастығы
Т. Нұрғалиев
3 Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ЕРЕЖЕСІ
Абай аудандық мәслихатының
2009 жылғы 19 наурыздағы
12 кезекті сессиясының
N 12/151 шешімімен
бекітілген
Абай ауданында
иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Абай ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданы тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын сақтау, аудан тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.
2 2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылады:
1 1) қаңғыбас ит пен мысық - иесін анықтау мүмкін емес, сондай-ақ иесінен қашып кеткен, иесі немесе жауапты тұлға тарапынан қадағалаусыз жүрген тіркелмеген үй жануары;
2 2) ит пен мысықтың иесі - меншігінде немесе өзге иелікте иті немесе мысығы бар жеке немесе заң тұлға;
3 3) иттер мен мысықтарды серуендету - иесінің меншігі болып табылатын немесе иесінің басқа тұлғаға жалға берген иттер мен мысықтардың жайдан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда болуы;
4 4) қоғамдық орындар – адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
5 5) мысық – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, мысық тұқымдас үй жануары;
6 6) ит – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, қасқыр тұқымдас үй жануары;
7
7) иттер мен мысықтарды ұстау – иттер мен мысықтардың өмірін, олардың жеке саулығын сақтау үшін, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып, толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлдар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ит пен мысық иелерінің іс-әрекеттері.
2 2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау
3 3. Мыналарға:
1 1) тұрғын үйлерде иттер мен мысықтарды ұстауға;
2 2) иттерді тұмылдырықпен (декоративтік иттерден басқалары) және қысқа бауда иттер мен мысықтардың нәжісін жинап алатын ыдысы бар болғанда серуендетуге;
3 3) қоршалған аулаларда, арнайы үйрететін алаңдарда және осы мақсаттарға араналған еркін серуендету орындарында итті баусыз және тұмылдырықсыз серуендетуге жол беріледі.
4 4. Мыналарға:
1 1) көпшілік пайдаланатын орындарда: кіреберістерде, баспалдақтарда, сондай-ақ балкондар мен лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға;
2 2) иттер мен мысықтардың нәжістерімен кіреберістерді, баспалдақтарды, спорт және балалар алаңдарын, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластауға жол берілмейді. Егер осы орындарда жануарлар нәжістерін қалдырған болса, оларды иттер мен мысықтардың иелері жинауы керек;
3 3) иттер мен мысықтарды қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, сауда залдары мен азық-түлік дүкендеріне кіргізуге;
4 4) иттер мен мысықтарды қоғамдық шомылатын орындарда, субұрқақтарда, сулы жерлер мен су жинағыштарда шомылдыруға;
5
5) балалардың алаңқайлары және спорт алаңдарында, қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, сулы жерлер мен су жинағыштарда, мектеп жасына дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында, саябақтарда және қала тұрғындарының жаппай демалатын басқа орындарында, сондай-ақ халық жиналатын орындарда және қоғамдық шараларды өткізетін орындарда, адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты орындаушы қызметтік иттерден басқа және жанары әлсіз адамдарды ертіп жүретін иттерден басқа иттерді серуендетуге жол берілмейді.