О ходе выполнения в области Закона Республики Казахстан "Об охране окружающей природной среды" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі заңының облыста орындалу барысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен
Облыстық экология және биоресурстар басқармасының бастығы Н.С.Өтешевтің «Облыстағы қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі» Қазақстан Республикасы Занының орындалу барысы туралы баяндамасын тыңдап, талқылай келіп депутаттардың облыстық мәслихаты облыста заң талап еткен табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру жөнінде, қоршаған табиғи ортанын экологиялық жағдайын жақсартуда, табиғатты пайдалануды реттеуде экономиялық механизм енгізудің белгілі бір жұмыстары жүргізіліп келе жатқанын атап көрсетеді. "Капустин Яр" полигонының экологияға және облыстың оңтүстік аудандары тұрғындарының денсаулығына тигізіп отырған әсерін жан-жақты танып білу жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстары басталып, 1996-2000 жылдарға арналған облыстың оңтүстік аудандары территориясында кешенді экологиялық зерттеудің тұжырымды жобасы жасалды.
Табиғат қорғау жұмыстарын үйлестіру мақсатында облыстық, қалалық және аудандық экологиялық кеңестер құрылып, олар 1996 жылы экологиялық бағыттарда 226 мәселе қарады. Әртүрлі деңгейдегі әкімдердің араласуымен 490 мәселе шешілді. 1996-1998 жылдарға облыстық, қалалық, және аудандық "Экология" бағдармасы жасалып, жүзеге асырылуда, бағдарламаның «Экологиялық саясат» тарауында қарастырылғанындай реформаны терендете жүргізуде және 1997 жылғы экономикалық дағдарыстан шығу жоспарларын жүзеге асыру жөнінде шаралар алынуда.
Зан талаптары тұрғысында табиғаты пайладануды реттеу мақсатында 250 экологиялық төлқұжат, 240 жоба, өндірістік және ауылшаруашылылығы кәсіпорындары үшін лас қалдықтарға қарсы ПДВ қондырғы, қоршаған ортадағы ағын суға 8 ПДС жобасы жасалады.
Облыста табиғатты қорғау қоры құрылып, жұмыс жасауда, табиғатты пайдаланушыларға қоршаған ортаның ластануы үшін жыл сайын төлем мөлшері бекітіліп, оларға түсіндіріліп отырады. 1996 жылы мемлекеттік бюджетке түскен төлем көлемі тиісті есептен 1,26 есе артып, 32,7 млн.тенге құрады.
Табиғат қорғау заңдылықтарын бұзушыларға қарсы тек 1996 жылы ғана экология органдары облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға 3 мыңнан аса тексеру жүргізіп нәтижесінде 8 мыңдай заң бұзушылықты анықтап, 75 мекеменің жұмысын уақытша тоқтатып, 43 істі прокуратура органдарына тапсырды. Табиғатқа келтірген зиян үшін 20 талап қойылып, 8,3 млн.тенге зиян өндіріліп алынды.
1996 жылы табиғат қорғау объектісін салуға бөлінген 96,9 млн.тенге күрделі қаржы толығымен игерілді.
Шалқар, Жайық өзендерінің және басқа да су көздерінің экологиялық жағдайларын тексеру судың ластануының алдын алу мен су көздерінің бионәрлілігін қалпына келтіру жөнінде ұсынбалар әзірлеу жұмыстары жүргізуде.
Облыста «Нарын» қозғалысы белсенді жұмыс істеуде. Басқа да ұлттық мәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктер қоғамдық пікір қалыптастыру да, жағдайды реттеуде қал қадірлерінше өз үлестерін қосып келеді.
Дегенмен, облыстағы экологиялық жағдай, өткізіліп жатқан шаралар "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Занның талаптарына толық колемде жауап бере алдайды.
Кейбір кәсіпорындар қоршаған ортаға әсерді төмендетуге, табиғат қорғау объектілерінің құрылысын салуға, су және топырақ ресурстарын орынды пайдалануға тиісті дәрежеде көңіл бөліп, шаралар алдайды.
Облыста іс жүзінде күрделі экономиялық жағдайларға байланысты бірде-бір экологиялық жағынын таза аудан жоққа тән деп айтуға болады. Соңғы жылдардың ауа райы көптеген жағымсыз қүбылыстарға себепкер болды. Соның ішінде тозаңның кобеюі және өрт, зиямкестердің таралуі, ормандардың ауруға шалдығуі немесе жанпай қырқылуы, су қоймаларындағы кейбір балықтар мен өсімдектердің жойілыпкету қаупітууда. Тұрғындардың ауыз суға зәрулігі азаймай отыр. Су көздері жолдары мен тұрғын ауылдар шаруышылық-тұрмыстық қалдықтардан уақытында тазартылмайды. Ұлы қалдықтарды көметін арнайы орындардың жоқтығынан Орал қаласының кәсіпорындарында олар таутеке болып уйілуде. Табиғи өртаны ластаудың үлкен молшері автокөлік және де басқа сүйық отынмен жүретін көлік құралдарының үлесіне тиіп отыр. Шалқар көлінің, басқа да балық өсетін су қоймалары мен өзендердің жай-күйі қамқорлықты қажет етеді.
Ауылшаруашылығының пайдаланылатын үлкен аумағы химиялық ластанудың, тұзданып, желмен су мүжудің зардабынан қолданыстан шығып қалуда. Ус жүзінде заңымданған жерлер өңделмейді. Капустин-Яр полигоны аймағында 1,5 млн.гектар жер әскери техникалар мен зымыр андардың, құрамында кушті улы заты бар оларға қүйылатың майлардың қалдықтарынан бүлініп, кейде өрт жағады. 1996 жылғы маусым айында ғана Жаңақала ауданында 5 млн.650 мың теңгелің дайындалған мал азығы жанып кетті.
Облыстық орман алқаптарында ағаштардың жаппай ауруға үшырауы кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына кірген емендер құрғауда, шабылған ағаштардың, орнын жабатын жаңадан ағаш отырғызу жоспары орындалмайды.
Облыстық балық инспекциясы, облыстық жануарлар әлемін корғау жөніндегі инспекция балық аулау, өзен-сулардағы балық қорларын көбейту мәсәләлеріне тиісті дәрежеде көніл аудармауда. Облыстық жер комитетінің, облыстык балық қорғау және жануарларды қорғау мекемелері, орман шаруашылығы бірлестігінің инспекторлық тексеру жұмыстарының нәтижесі төмен. Бұл бағытта УК БВОның Орал участогі жұмыс жасамайды.
Табиғи ортаға тигізіп отырған техникалық әсерлердің нәтижесінде экологиялық шиленіс тууда. Демографиялық көрсеткіштер төмендеп онкологиялық, тері басқа да аурулар тұрғын халықтың әсіресе, балалар арасында кең етек алуда. Облыстық қаржы басқармасы табиғат қорғау қорына белгіленген мөлшердегі қаржы аудару тәртібін сақтамайды қаржының облыстық мақсатсыз әлеуметтік қажеттігіне жұмсалу жағдайларына жол беріледі.
Қалалық, аудандық әкімшіліктер, экология мен биоресурстардың облыстық басқармасы басқа да арнайы өкілетті органдар, депутаттардың қалалық, аудандық, мәслихаттары, қоғамдық ұйымдар экологиялық жағдайды сауықтыру жөнінде кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру мен бақылауды босаңсытып жіберген. Қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жұмыстары іс жүзінде өзінің көзделген мақсатына әлі жеткізілген жоқ.
Өткізілген табиғат қорғау шараларының мәселелері мен орын алған кемшіліктер баспасөзде облыстық радио мен теледидарда сирек жарық кореді.
Депутаттардың облыстық мәслихаты ШЕШІМ алды:
Тармақ 1
1. Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдардың, ауылшаруашылығы органдары басшыларының назары "Экология" бағдарламасы бойынша табиғат қорғау шараларын орындаудағы ұйымдастыру жұмыстарының төмендігіне аударылып, олардан қоршаған ортаны қорғау жөнінде орын алған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықты жоюда нақты шаралар талап етілсін.
Тармақ 2
2. Облыс әкіміне ұсыныс жасалсын:
- облыстық экология және биоресурстар басқармасына қалалық, аудандық, әкімшіліктермен бірлесе 1997 жылға Қазақстан Республикасының ұлттық жоспарына қоршаған ортаны қорғауды тұрақты дамыту үшін тарау қосу тапсырылсын;
- табиғат қорғау қорының қаржысың мақсатты бағытта жұмсауі бақылау күшейтілсін.
Тармақ 3
3. Қалалық, және аудандық әкімдерге, қалалық, аудандық мәслихаттарға, ауыл әкімдеріне олардың ведомстваларына кіретін территорияларда:
қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі заң талаптарының сөзсіз сақтаулуы бұл маңызды істе мемлекеттік және атқарушы тәртіпті жүздеге асыратын заңдылық талаптарының толық орындалуы қамтамасыз етілсін;
- 1997 жылғы реформаны тереңдету жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыру және оның орындалуын қамтамасыз ету тұрғысында қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнінде және іс жоспарын жасалып, бекітілсін. Тұрғын ауылдарды ауыз су мен жабдықтауды жақсырту, орынсыз төгілген күресіндерді тазарту, ауылды көғалдандырып, санитарлық жағдайын арттыру жөнінде тиісті шаралар алып жерасты түшы су көздерінде, ашық су қоймаларында, санитарлық қорғау аймақтарында шаруашылық жұмыстарын жүргізу шектелсін.
Тармақ 4
4. Арнайы өкілдік берілген табиғат қорғау органдары табиғат қорғау ісінде, табиғат байлықтарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, балық қорларын пайдалануда оларға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететің болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық экономика басқармасы табиғат қорғау жұмыстарын соның ішінде, өзендердің дең гейін көтеру, тұрғын ауылдарды ауыз сумен қамту, Жанақала, Орда аудандарының құмдарын бекіту жұмыстарын жүргізу жөнінде жобалау-іздестіру және құрылыс жұмыстарын қаржыландыру үшін шет ел инвестициясын тартуға ықпал жасасын.
Тармақ 6
6. Облыстық жекешелендіру және мемлекеттік мүлік жөнінде комитет меншік түріне өзгеріс туралы шешім қабылдарда соның ішінде кәсіп орында шетел фирмаларына беру жағдайында экология органдарың қатыстыруды қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 7
7. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы (Өтешев) экологиялық зардан шеккен аймақ мәртебесін беру жөнінде құжаттар пакетің әзірлеу үшін облыстық оңтүстік аудандарының экологиялық жағдайларына кешенді зерттеуді жалғастырсын.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Парламенті мен Министрлер Кабинетіне Капустин Яр әскери полигонын пайдаланғандары үшін облыстың оңтүстіқ аудандарының тұрғыны халқының әлеуметтік жағдайларын оңалту мақсатында жилына 2 млрд.тенге көлемінде әскеридерден жалға ақша бөлінуі туралы өтініш жасалсын.
Тармақ 9
9. Облыстық мәслихат депутаттарының Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Министрлер Кабинетіне облыстық оңтүстік аудандары территориясын экологиялық зардап шеккен аймаң ретінде тану туралы және арнайы заң алынуын жариялаған үндеуі мақұлдансын және жіберілсін.
Тармақ 10
10. Әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, облыстық және аудандық ақпарат құралдары қоршаған табиғи ортаның мәселелерін кеңірек көрсететін болсын.
Тармақ 11
11. Осы шешімнің орындалуына бақылау облыстық мәслихаттың ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.