Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения

Заң · № 476-1 · қабылданған 16.11.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4555/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения Қолданыста 16.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения

Қолданыста Заң № 476-1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социального обеспечения
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
476-1
Қабылданған күні
16.11.1999
Көрсетілген редакция
16.11.1999 AI4555_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000476_
ЭКБ идентификаторы
4555
Редакция идентификаторы
AI4555_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:50
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:

1. "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 2, 32-құжат; N 18, 429-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат):
10-баптың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;
12-баптың үшінші бөлігіндегі "Уақытша тұрғын жай жалдағаны үшін белгілі бір аймақта осы мақсатқа жұмсалған нақты шығынды ескере отырып және белгіленген тұрғын үй нормаларына сәйкес оларға ай сайын жәрдемақы төленеді. Жәрдемақының мөлшері мен төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді" деген сөздер алып тасталсын.

2. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат; 1998 ж., N 22, 308-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; 1999 жылғы 28 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 26 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мәслихаттар депутаттарының саны мәселелері бойынша кейбір
Қазақстан Республикасының Заңы):
22-баптың он бірінші бөлігі алып тасталсын.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707
заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы,
1995 ж., N 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; N
23,
416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233, 247-құжаттар):
26-баптың 1-тармағындағы "Бұған қоса оларға сыйақылар мен материалдық
көмек төленеді" деген сөздер алып тасталсын;
30-баптың 5-тармағы алып тасталсын.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710
заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1997 ж., N 10, 108-құжат; N 12, 184-құжат; 1998 ж., N 23,
416-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат):
13-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын.