Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты населения

Заң · № 477-1 · қабылданған 16.11.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4556/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты населения Қолданыста 16.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты населения

Қолданыста Заң № 477-1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам социальной защиты населения
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
477-1
Қабылданған күні
16.11.1999
Көрсетілген редакция
16.11.1999 AI4556_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000477_
ЭКБ идентификаторы
4556
Редакция идентификаторы
AI4556_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:50
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:

1. "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат):

7-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.

2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 84-құжат; 1999 жылғы 10 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанкая правда" газеттерінде жарияланған "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
97-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және
коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады. Тұрғын үй көмегі
сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік иесі немесе жалдаушысы
(жалгерлері) болып табылатын адамдарға жергілікті бюджеттер қаражаты
есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін
жергілікті өкілді органдар белгілейді".