Об утверждении критериев безопасности водохозяйственных систем и сооружений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении критериев безопасности водохозяйственных систем и сооружений
- Атауы (қаз.)
- Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 186
- Қабылданған күні
- 31.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2012 AI45580_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005645_
- ЭКБ идентификаторы
- 45580
- Редакция идентификаторы
- AI45580_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:30
0 Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р. Толқымбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Әбілахатұлы Оразаевқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Сушаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2009 жылғы
31 наурыздағы N 186
бұйрығымен бекітілген
Сушаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері (әрі қарай - Өлшемдер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жағдайының техникалық көрсеткіштерінің шекті мәндерін анықтайды.
2 2. Өлшемдер су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының бақыланатын және диагностикалық көрсеткіштерін және осы көрсеткіштердің өлшемдік мағыналарын белгілейді.
3 3. Өлшемдер нақты (көзбен шолу және аспап құралдармен) бақылаулардың негізінде анықталды және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының зақымдануы төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соғатын сипаттамаларды ескере отырып әзірленді.
4 4. Осы Өлшемдерде келесі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1 1) диагностикалық көрсеткіштер - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жағдайын диагностикалау және бағалау үшін, "құрылыс – ірге – су қоймасы" жалпы жүйенің немесе оның жеке элементтерінің қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік беретін ең маңызды бақыланатын көрсеткіштер;
2 2) бақыланатын көрсеткіштер – техникалық құралдардың көмегімен өлшенген немесе жағдайының сандық сипаттамаларын, сондай-ақ сапалық сипаттамаларын өлшеу негізінде есептелген осы су шаруашылығы құрылыстарының күйі.
2 2. Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік өлшемдері
Өлшемдік көрсеткіштерінің мәндері
Топырақтан алынған су бөгеу құрылыстары
Құрылыстың үстіңгі беткейі мен қыры:
қырдағы ұзын шепті жарықшақтардың пайда болуы;
үстіңгі беткей жақтауының негізінен тақта төсемінің ажырауы;
қырдың оқшау шөгуі;
су кемері бағытында тік жарықшақтар мен беткей кескіндердің елеулі өзгерістері;
құрылыстық нығайту телімінің тақтанының іргетасынан ажырап ығысуы;
жол жамылғыларының бұзылып қырдың шөгуі.
Бөгеттің төменгі беткейі:
беткейде оқшау шөгулер мен шұқанақтардың пайда болуы;
беткейдің үнемі ылғалдануы;
бөгет табанының төменгі жайылмасының ылғалдануы және батпақтануы;
беткейдің төменгі бөлігіндегі және аңғарларда шөгу құбылысының пайда болуы;
беткейде сүзілу ағынының пайда болуы;
бөгет табанында және конусында лайланған ысыру бұлақтардың пайда болуы;
топырақтың төменгі бъефке сырғып және беткейдің айтарлықтай тапталып кескінінің өзгеруі.
Үстіңгі беткей толқыннан қорғау нығайтулары:
нығайту тақталарының өзара ығысы;
нығайту тақталардағы жарықшақтардың үздіксіз өсуі;
сүзгі құраушыларының нығайту табанынан топырақтың бұзылуы;
толқыннан қорғау белгілерінің тақта аралық жігінің ұзына бойы қопырауы;
тақта аралық жіктегі шайылу тереңдігі 1,0 м жетсе;
жіктің шайылу тереңдігі 1,5 м асқанда су кемерінің аймағында тақта аралық жіктің қопырауы;
тақта іргесінің топырағы шайылып, қираған тақталардың бөліктерінің шайылған шұңқырға түсуі.
Бетон және темірбетон құрылыстар
темірбетон элементтерінің тотқа қарсы қорғаныштарының ішінара бұзылуы;
бөлістіру арматурасының және оның қамыттарының қорғаныш қабатының жұқа қабаттарының жекеленген бөліктерінде тот басу байқалады, сонымен қатар жұмыс арматураның майда (дақталып) және теңбілденіп тоттануы;
жұмыс арматурасы қимасының жұқаруы 5 пайыздан жоғары;
қаланған бөлшектердің тотқа қарсы қорғанышының бұзылуы;
бетонның қорғаныш қабатының қатпарланып түсінің өзгеруі;
тоңудың салдарынан конструкциялардың қырлары және қабырғаларының қабыршақтануы;
қорғаныш қабатының аралығында бетонның болжамдық беріктілігі жобалық шамадан 10 пайызға төмен болса;
өзгермелі әсерлерге ұшыраған конструкциялардағы жарықтар;
керілген арматуралардың анкерленген тірек аймағынан қиып өтетін жарықтар;
көпаралықты балкалар мен плиталардың ортаңғы аралықтарындағы еңіс жарықшақтары аймағында қамыттардың үзілуі;
арматура қимасы ауданының 15 пайыздан төмендеуіне әкеліп соғатын қабыршақтанудан теңбілденіп тот басуы;
конструкцияның сығымдалған аймағында жабдықтардың ісінуі;
қаланған және құрама элементтердің майысуы;
дәнекерленген жіктердің қалдықтарының тот басуы салдарынан анкерлердің қаланған бөлшектер тілімшелерінің айнуы;
құрама элементтер түйіндерінің элементтерінің ығысының әсерінен бүлінуі;
тіреулердің қисаюы;
созылу аймағында жарықшақтар болған жағдайда маңызды иілгіш элементтердің майысуларының (1/50 астам аралығында) 0,5 мм астамын ашу;
фермадағы сығымдалған элементтер қамыттарының үзілуі;
еңіс жарықшақтар аймағында қамыттардың үзілуі;
созылу аймағында жұмыс арматурасының дараланып үзілуі;
сығымдалған аймақта бетонды ұсақтау және үгетінділерді толтыру;
сығымдалған аймақта иілгіш элементтердің және басқа учаскелердегі бетон беріктігінің 30 пайыздан төмендеуі;
нормалар талаптарының және сығымдалған элементтерге қарсы кішірейтілген тіреу ауданы жобаларының төмендеуі;
майысулар және басқа да зақымданулардан пайда болған жарықшақтар конструкцияның қирау қаупін және олардың құлау мүмкіндігін куәландырады.
Темір конструкциялар
тотқа қарсы жабу қабатының қирауы;
жекеленген учаскелердің дақтармен 5 пайызға дейін тот басуға ұшырауы;
майысқан жерлердің 5 пайызға дейін көліктермен және басқа да зақымданудан босаңсуы;
иілгіш элементтердің 1/75-тен аралықта майысуы;
конструкцияның орнынан жоғалуы (қабырғалардың және арқалық белдіктер мен колонкалардың ылғалдануы);
дара болттардың немесе көпболтты шегелердің қосылған жерлерінің қиындысы;
тот басуы салдарынан элементтер қимасының 25 пайызға дейін және одан да жоғары төмендеу есебі;
дәнекерленген жіктердегі немесе тігіс аймағындағы жарықшақтар;
қималарды 25 пайызға дейін босаңсуға алып келетін механикалық зақымдануы;
фермалардың тік жазықтықта 15 мм-ден жоғары ауытқуы;
болттардың бұралуынан немесе шегелеуден түйін қосындыларының бұзылуы;
созылған жеке элементтердің жарылуы;
элементтердің негізгі материалдарында жарықтардың көп болуы;
жапсарлар бұзылуы және тіреулердің өзара ығысуы;
метал тартпалардың толық тоттанып бүлінуі және олардың анкерлерінің бұзылуы.
Су қашыртқылар, су жібергіштер, бас тоған, суұрма құдықтары
суұрма құдықтарының конструктивтік элементтерінің ауытқуы;
құдықтың қоқыс тұтқыш конструкцияларының ластануы.