Об утверждении Правил по оснащению технологических линий контрольными приборами учета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил по оснащению технологических линий контрольными приборами учета
- Атауы (қаз.)
- Технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 01.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.09.2012 AI45584_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005656_
- ЭКБ идентификаторы
- 45584
- Редакция идентификаторы
- AI45584_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:29
0 Технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ережені бекіту туралы
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы 4-бабының 2-тармағының 7-тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ереже бекітілсін.
2
2. "Алкогольді өнім өндірудің көлемін автоматтандырылған есептеу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 1998 жылғы 24 қарашадағы N 52 бұйрығының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 753 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оны заңнама белгіленген тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрінің
2009 жылғы 1 сәуірдегі
N 138 бұйрығымен
бекітілген
Технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы технологиялық желiлердi есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі Ереже "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы 4-бабының 2-тармағының 7-тармақшасына сәйкес алкоголь өнiмiн өндіру көлемін тиімді есепке алу мақсатында әзірленген.
2 2. Алкоголь өнімін өндіру кезінде автоматты түрде есепке алудың мақсаты мен қажеттігі
2 2. Алкоголь өнімін автоматты түрде есепке алудың мақсаты ақпаратты кейіннен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне бере отырып алкоголь өнімін жасап шығару көлемiн үздіксіз өлшеу және бақылаулық есепке алу болып табылады.
Алкоголь өнімін құю бойынша технологиялық желілер алкоголь өнімін өндіру процесіне үздіксіз бақылау жүргізетін автоматты жүйесі арқылы алкоголь өнімін жасап шығару көлемi туралы ақпаратты автоматты түрде берудi қамтамасыз ететiн есепке алуды бақылау аспаптарымен (бұдан әрі - ЕАБА) жарақтандырылады.
3 3. Алкоголь өнімін автоматты түрде есепке алу мынадан тұратын ЕАБА-мен жүргізіледі:
1 1) сұйықтық ағысын көлемдік шығысөлшегіштен;
2 2) дайын алкоголь өнімін даналап есепке алу аспаптарынан (N 1 және N 2 дайын алкоголь өнімін есептегіштер);
3 3) ақпаратты өңдеу блогінен (бұдан әрі – АӨБ);
4 4) ақпаратты қашықтықтан беру үшін телефондық модемнен (жеке абоненттік нөмірмен);
5 5) үздіксіз қоректендіру көзінен;
6 6) бағдарламалық қамтамасыз етуден.
3 3. ЕАБА-на қойылатын негізгі талаптар
4 4. ЕАБА қабылданған ақпаратты жинауды, сақтауды, беруді (индикаттау), қашықтықтан беруді және өңдеуді жүзеге асырады және мынадай негізгі талаптарға жауап береді:
1 1) көлемдiк шығысөлшегiш қысым резервуары мен құю автоматын қосатын труба құбырда құю автоматына барынша жақын көлбеу учаскеде орнатылады. Осы прибордың фланецi мен құю автоматының жалғастырушы фланецiнiң арасында труба құбырының аралық фланецтеріне өлшемдерге жол берілмейді.
2 2) көлемдiк шығысөлшегiштің жол берілетін ақаулығы ± 0,5%-ті құрайды;
3 3) спирттiк, сулы спирттiк ерiтiндi және құрамында қанты қоймалжың ортада көлемдiк шығысөлшегiш жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
4 4) көлемдiк шығысөлшегiш өрт қауiпсiздігінiң талаптарына сәйкес келеді;
5 5) қысымдық резервуарды құю аппаратымен жалғастырушы труба құбырының, сондай-ақ тиек арматурасының, сүзгілер мен осы труба құбырына орналасқан құрылғылардың диаметрлерінің қимасы көлемдiк шығысөлшегiштің диаметрінен үлкен болады;
6 6) желіні қоректендіретін ең төменгі гидростаттық қысым көлемдiк шығысөлшегiшке қарағанда 0,5 метрді құрайды;
7
7) дайын өнімді даналап есепке алу аспаптарының біреуі автоматты түрде өнім құйылып, шөлмектердің аузын жапқаннан кейін тікелей өнімді есепке алуды жүргізетіндей етіліп (N 1 дайын өнімді есептігіш (бұдан әрі - N 1) есептегіш), басқасы - дайын өнімнің қоймасының алдында (N 2 дайын өнімді есептігіш (бұдан әрі - N 2) орнатылады;