Об оказании дополнительной социальной помощи социально-уязвимым категориям граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи социально-уязвимым категориям граждан
- Атауы (қаз.)
- Халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 26.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.10.2009 45618_288587.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CI000099
- ЭКБ идентификаторы
- 45618
- Редакция идентификаторы
- 45618_288587
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:32
0 Халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңның 6, 7 баптарына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобын әлеуметтік қорғау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 3000 теңге көлемінде келесі санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1 1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына;
2 2) ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге.
2 2. Әлеуметтік көмек аудандық бюджеттен ай сайын ақшалай түрде алушының жеке есепшотына аударма жасау жолымен көрсетіледі.
3
3. Мұғалжар аудандық мәслихатының Мұғалжар ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 23 сәуірінде N 3-9-61 тіркелген 2008 жылғы 20 наурыздағы N 38 "Аз қамтылған азаматтарға және ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің және осы шешімге өзгеріс енгізу туралы аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 28 қазанында N 3-9-72 болып тіркелген 2008 жылғы 26 қыркүйектегі N 66 шешімінің күші жойылды деп танылсын.