Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об упорядочении государственных контрольных и надзорных функций

Өзге акт · № 223 · қабылданған 06.10.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4564/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об упорядочении государственных контрольных и надзорных функций Күшін жойған 06.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об упорядочении государственных контрольных и надзорных функций

Күшін жойған Өзге акт № 223 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об упорядочении государственных контрольных и надзорных функций
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік бақылау және кадағалау жасауды тәртіпке келтіру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
223
Қабылданған күні
06.10.1999
Көрсетілген редакция
06.10.1999 4564_258140.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99N000137_
ЭКБ идентификаторы
4564
Редакция идентификаторы
4564_258140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:53
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік бақылау және кадағалау жасауды тәртіпке келтіру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
"Мемлекеттік бақылау және қадағалау жасауды тәртіпке келтіру туралы" Казақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 тамыздағы № 1225 "Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және бакылаудың жекелеген мәселелері" қаулысын орындауда ШЕШТIМ:

1. Қалалар, аудандар, селолық округтер, селолар мен поселкелер әкімдері, облыстық комитеттер, департаменттер және басқармалар басшылары 1999 жылдың 15 қазанына дейінгі мерзімде мыналарды жүзеге асырсын:

- мемлекеттік бақылау және қадағалау жасауды тек қана мемлекеттік органдар жүзеге асыратынын белгілеуді;
- мемлекеттік орган мәртебесі жоқ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау жасау функцияларын беруге тыйым салуды;
- жеке және мемлекеттік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын тұлғаларға мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлік қызметке бақылау жасау функцияларын беруді қарастыратын нормативтік-құқықтық актілерінің күшін жоюды;
- бұрындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерін қолданылып жүрген зандарға сәйкестендіруді;
- мемлекеттік органдарға ведомстволық бағыныштағы заңды тұлғалардың осы занды тұлғалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына құрылтайшылық құқын беруді қарастыратын ережелерін жоққа шығаруды қайта қарастыру жағын қамтамасыз етуді.

2. Мыналар еске алынсын:

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министірлігіне жеке және мемлекеттік кәсіпкерлікті жүзеге асырушы тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау жасаудың заңға кайшы келетін функцияларын орындалуына байланысты алған қаржыларын мемлекеттік бюджетке алып қою жөніндегі шараларды қабылдау тапсырылғаны;
- Қазақстан Республикасының Әділет министірлігіне Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті корғау жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, 1999 жылдың 15 қарашасына дейін Казакстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарына ведомстволық бағыныштағы барлық ұйымдардың құрылтайшы құжаттарының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу тапсырылғаны; тексеру нәтижелері бойынша заңда қарастырылған шаралар қабылдайтыны және атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы Казақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне мәлімдейтіні; Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлекеттік органдарын қатыстыра отырып занда белгіленген тәртіппен Казақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарына жеке және мемлекеттік кәсіпкерлікті жүзеге асырып жүрген тұлғаларға мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын беруге тыйым салуды қарастыратын заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінен ұсыныстар түсіретіні.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ә. Дәрменбаевқа жүктелсін.