Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил приостановления расходных операций по кассе плательщика

Қаулы · № 662 · қабылданған 07.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45672/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил приостановления расходных операций по кассе плательщика Күшін жойған Қаулы ·№ 662 ·07.05.2009
21.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил приостановления расходных операций по кассе плательщика

Күшін жойған Қаулы ·№ 662 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил приостановления расходных операций по кассе плательщика
Атауы (қаз.)
Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
662
Қабылданған күні
07.05.2009
Көрсетілген редакция
21.08.2020 45672_478077.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000662_
ЭКБ идентификаторы
45672
Редакция идентификаторы
45672_478077
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:07

0 Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесін бекіту туралы

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 17-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 7 мамырдағы
N 662 қаулысымен
бекітілген
Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесі

1

1. Осы Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ережесі "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәртібін айқындайды.

2

2. Әлеуметтік аударымдар бойынша берешек қалыптасқан кезде салық органдары төлеушіге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін салық органына ұсыну туралы хабарлама жібереді. Хабарлама нысанын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.

3 3. Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Заңның 17-бабының 2-1-тармағында көзделген талаптарды орындау мүмкін болмаған кезде төлеушінің банктік шоттары болмаған немесе банктік шоттарында ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі.

4 4. Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім (бұдан әрі - өкім) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, олардың біреуі төлеушінің қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен тапсырылады.

5 5. Төлеуші өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылуға тиіс.

6 6. Өкімді төлеуші бұлжытпай орындауға тиіс.

7 7. Төлеушінің касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей өкімді шығарған салық органы өкімнің күшін жояды.

Қолданыстағы