Об установлении стоимости разовых талонов для граждан Республики Казахстан, оралманов, деятельность, которых носит эпизодический характер, а так же для граждан Республики Казахстан, оралманов, индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность по реализации товаров, выполнению работ, оказанию услуг на рынках
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении стоимости разовых талонов для граждан Республики Казахстан, оралманов, деятельность, которых носит эпизодический характер, а так же для граждан Республики Казахстан, оралманов, индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, осуществляющих деятельность по реализации товаров, выполнению работ, оказанию услуг на рынках
- Атауы (қаз.)
- Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 137
- Қабылданған күні
- 22.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2013 45692_527765.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NK000091
- ЭКБ идентификаторы
- 45692
- Редакция идентификаторы
- 45692_527765
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:19
0
Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бiржолғы талондардың құны белгіленсін (қосымшаға сәйкес).
2 2. Мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 220 "Қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар және базарда тауарларды сатуды жүзеге асыратын тұлғалар үшін бiржолғы талондардың құнын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оларды алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бiржолғы талондардың құны
Мәслихаттың
2009 жылғы 22 сәуірдегі
№ 137 шешіміне
қосымша
Қызметi дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар үшін, сондай-ақ базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бiржолғы талондардың құны
№
Қызмет түрінің атауы
Құны
(теңге)
1.
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге
асырылатын қызметтерді қоспағанда):
Газеттер мен журналдарды
141
2.
Тұқым, сондай-ақ, отырғызылатын материал
(екпелер, көшет), бақша дақылдарын,
саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде
өсірілген тірі гүлдерді, қосалқы
шаруашылық, бағбандық, бақшашылық және
саяжай учаскелерінің өнімдерін, жануарлар
мен құстардың жемдерін, сыпыртқылар,
сыпырғылар, орман жидегін, бал,
саңырауқұлақ және балық
30
3.
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке
трактор иелерінің көрсететін қызметі
150
4.
Базар аумағындағы дүңгіршектердегі,
стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған
блоктардағы) сауданы қоспағанда,
базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету жөніндегі
қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының азаматтары, оралмандар,
дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар
103