Құжат мәтініне өту

Көшелерге атау беру туралы

Өзге акт · № 1 · қабылданған 28.04.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45770/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Көшелерге атау беру туралы Қолданыста Өзге акт ·№ 1 ·28.04.2009
15.02.2016 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Көшелерге атау беру туралы

Қолданыста Өзге акт ·№ 1 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Көшелерге атау беру туралы
Атауы (қаз.)
Көшелерге атау беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1
Қабылданған күні
28.04.2009
Көрсетілген редакция
15.02.2016 · қолданыстағы 45770_67464.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CBC00079
ЭКБ идентификаторы
45770
Редакция идентификаторы
45770_67464
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:11

0 Көшелерге атау беру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес Аралтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Аралтоғай ауылдық округіне қарасты елді мекендерге Қияқты, Милы және Ұлғайсын ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Қияқты, Милы және Ұлғайсын ауылдарының көшелеріне төмендегі атаулар берілсін.

Қияқты елді мекеніне

1 1) Әлия Молдағұлова – Ақтөбе облысы Хобда ауданында дүниеге келген. Қазақтың қаһарман батыр қызы. 1944 жылы 15 мамырда Псков облысы, Новосокольники станциясындағы шайқаста мерт болған. Кеңес Одағының батыры.

2 2) Шәмші Қалдаяқов – Қазақтың белгілі сазгері, композитор.

Милы елді мекеніне

1 1) Қуандық Шаңғытбаев - белгілі қазақ ақыны, лирик.

2 2) Тахауи Ахтанов – белгілі қазақ жазушысы, драматург.

3 3) Ыбырай Алтынсарин – Ұлы халық ағартушысы.

Ұлғайсын елді мекеніне

1 1) Бүркітәлі Сисекенов – белгілі қоғам қайраткері.

2 2) Сырлыбай Бекбаев – қазақ ағарту саласында өнімді еңбек еткен, қоғам қайраткері.

3 3) Абай Құнанбаев – қазақ халқына белгілі ақын, данышпан философ.

2 2. Осы шешім әділет басқармасына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы