Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабына сәйкес Т. Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы от 25.02.2009 г. № 14-6 (Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы)
1. Т. Рысқұлов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2006 жылдың 23 маусымдағы "Т. Рысқұлов ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық ставкасы туралы" № 25–13 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6-8-23 болып мемлекеттік тіркеуден өткен, "Құлан таңы" газетінің 2006 жылғы 5 тамыздағы № 58 (6178) санында жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешім аудандық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Т. Рысқұлов аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 25 ақпанындағы
№ 14-6 шешіміне қосымша
Т. Рысқұлов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Реттік
сан
№
Салық салу объектісінің
атауы
* Тіркелген салықтың
ставкалары мөлшері (айлық
есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын
автоматы
1
2.
Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын
автоматы
1
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес
компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
5
* Ескерту - айына, салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері