Құжат мәтініне өту

Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез аурумен ауыруына байланысты шектеу қою туралы

Қаулы · № 98 · қабылданған 08.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45893/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез аурумен ауыруына байланысты шектеу қою туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 98 ·08.05.2009
25.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез аурумен ауыруына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 98 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез аурумен ауыруына байланысты шектеу қою туралы
Атауы (қаз.)
Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез аурумен ауыруына байланысты шектеу қою туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
98
Қабылданған күні
08.05.2009
Көрсетілген редакция
25.12.2009 · қолданыстағы AI45893_1.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CE000096
ЭКБ идентификаторы
45893
Редакция идентификаторы
AI45893_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:06

0 Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез аурумен ауыруына байланысты шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 27-бабына, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 Заңына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 3-4/306 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бруцеллез індеті тіркелген Аманкөл селолық округінің Құтикөл ауылы, Ырғыз селосын, Ырғыз селолық округінің Ақши ауылы, Жайсанбай селолық округінің Жайсаңбай ауылы елді мекені мен оған қарасты жайылымдары індет ошағы деп танылып, шектеу іс-шаралары енгізілсін.

2 2. Аманкөл, Ырғыз, Жайсаңбай селолық округтерінің әкімдеріне (Ж.Қайыров, Н.Қызбергенов, Б.Аманжол) елді мекен аумағын санитарлық тазалауды, мал көмінділерін салуды ұйымдастыру, ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қызметтерге барынша қолдау көрсету тапсырылсын.

3

3. Ветеринариялық іс-шараларды Ережеге сай орындау ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Е.Маханбетке, оған осы шараларды орындау кезінде тиісті жәрдем жасау ауданның аумақтық инспекциясына (Ж.Сәрсенов), Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ырғыз ауданы бойынша басқармасына (М.Есімбаев), аудандық аурухананың бас дәрігеріне (Ж.Сүлейменов) ұсынылсын.

4 4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі «Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез ауруымен ауыруына байланысты шектеу қою туралы» № 86 қаулысы жойылсын.

5 5. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.

6 6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қосаяқовқа жүктелсін.

Аудан әкімі                              М.ДУАНБЕКОВ

Қолданыстағы