Об установлении охранной зоны Иргиз-Тургайского государственного природного резервата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении охранной зоны Иргиз-Тургайского государственного природного резервата
- Атауы (қаз.)
- Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Мәртебесі расталмаған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- upd
- Нөмірі
- 125
- Қабылданған күні
- 20.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2019 45990_406719.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09C0003293
- ЭКБ идентификаторы
- 45990
- Редакция идентификаторы
- 45990_406719
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:22
0 Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағын белгілеу туралы
Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватты қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 16, 123 баптарына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңының 18, 43, 53 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерватының сыртқы шекарасының бойында қорғау аймағы жер пайдаланушылардан және жер учаскелерінің меншік иелерінен жерді алып қоймай, қосымшаға сәйкес ені 2 километр болып белгіленсін.
2 2. Қорғау аймағындағы табиғатты пайдалану режимі және тәртібі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңының 43 бабында белгіленген талаптарға сәйкес белгіленсін.
3 3. «Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне қорғау аймағының шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
4 4. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (Ж. И. Иманқұлов) қорғау аймағын құру жөніндегі жобалық материалдарды Ырғыз ауданының әкімдігіне (М. К. Дуанбеков) және «Ырғыз–Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І. Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.
6 6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі № 125
қаулысына қосымша
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваттың қорғау аймағының мөлшері
Жер пайдаланушылардың атауы
Жер учаскелерінің көлемі, гектар
Нұра ауылдық округі
«Ақбота» шаруа қожалығы
805
«Көркем» шаруа қожалығы
250
«Әділет» шаруа қожалығы
804,8
«Молшылық» шаруа қожалығы
500
«Бауыржан» шаруа қожалығы
2000
Тәуіп ауылдық округі
«Сер-Мак» шаруа қожалығы
6000
«Көшекбай» шаруа қожалығы
1500
Жайсаңбай ауылдық округі
«Дархан» шаруа қожалығы
4070
«Мирас» шаруа қожалығы
400
«Азамат» шаруа қожалығы
6026
Қор жерлері:
171896,2
Барлық қорғау аймағы:
194252