О повышении ставок земельного налога
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении ставок земельного налога
- Атауы (қаз.)
- Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-14-4
- Қабылданған күні
- 10.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 13.04.2018 45995_317938.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SC000098
- ЭКБ идентификаторы
- 45995
- Редакция идентификаторы
- 45995_317938
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:25
0 Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386- бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, сәйкесінше:
1 1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2 2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3 3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
Кодекстің 378, 444-баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.
2
2. Аудандық мәслихаттың «Жер салығының ставкаларын көбейту туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 3-23-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-3-26, 2006 жылғы 6 қаңтарда “Айыртау таңы” және 2006 жылғы 1 қаңтарда “Айыртауские зори” газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.