Құжат мәтініне өту

О стоимости разовых талонов и о ставках фиксированного налога

Өзге акт · № 15/6 · қабылданған 27.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-45997/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О стоимости разовых талонов и о ставках фиксированного налога Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/6 ·27.04.2009
23.09.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О стоимости разовых талонов и о ставках фиксированного налога

Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/6 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О стоимости разовых талонов и о ставках фиксированного налога
Атауы (қаз.)
Бір жолғы талондардың кұны және бекітілген салықтың ставкалары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/6
Қабылданған күні
27.04.2009
Көрсетілген редакция
23.09.2014 45997_196364.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SH000105
ЭКБ идентификаторы
45997
Редакция идентификаторы
45997_196364
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:14

0 Бір жолғы талондардың кұны және бекітілген салықтың ставкалары туралы

«Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті телемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабының 1-тармағындағы 2-тармақшаға және 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салықтар мен бюджетке түсетін басқа да міндетті телемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Бекітілсін:

1.1 1.1. Қызылжар ауданы бойынша қызмет көрсетуі біржолғы болатын жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметінің түрлері бойынша бір күнге біржолғы талондардың бағасы, 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

1.2 1.2. Қызылжар ауданы бойынша айлық бірлігіне салық салудың тіркелген сомалық салық мөлшерлемелері, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдері күші жойылған болып танылсын: «Біржолғы талондар ставкасы және төленімдердің жеке түрлері бойынша ставкалар туралы» 2005 жылғы 15 шілдедегі № 19/5 шешімі (2005 жылғы 17 тамыздағы тіркелу № 13-8-7, № 37 2005 жылғы 2 қыркүйектегі «Маяк» газеті), «Біржолғы талондар ставкасы және төленімдердің жеке түрлері бойынша ставкалар туралы» аудандық мәслихатың 2006 жылғы 06 сәуірдегі № 19/5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 06 сәуірдегі № 24/11 шешімі (2006 жылғы 3 мамырдағы тіркелу нөмері 13-8-24, 2006 жылғы 12 мамырдағы № 12 «Маяк» газеті), 2007 жылғы 24 мамырдағы № 35/3 шешімі (2007 жылғы 28 маусымдағы тіркелу нөмері 13-8-38, 2007 жылғы 06 шілдедегі № 30 «Қызылжар және қызылжарлықтар» газеті, 2007 жылғы 06 шілдедегі № 30 «Маяк» газеті), 2008 жылғы 28 шілдедегі № 10/8 шешімі (2008 жылғы 2 қыркүйектегі тіркелу нөмері 13-8-92, 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 «Қызылжар және қызылжарлықтар» газеті, 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 «Маяк» газеті).

3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген кезден күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 15/6 шешіміне 1 қосымша
Қызылжар ауданы бойынша қызмет көрсетуі біржолғы болатын жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметінің түрлері бойынша бір күнге біржолғы талондардың бағасы
Кәсіпкерлік қызметтің түрі
Біржолғы талондардың бағасы, теңгеде
1.
Газет пен журналдарды қолдан сату
51,0
2.
Тұқымдар, сондай-ақ отырғызу материалдарын сату
(көшеттер), стационарлық нүктелерден басқасы
38,0
3.
Бақша дақылдарын сату
242,0
4.
Үй маңындағы және жеке учаскелерде өсірілген гүлдерді сату
64,0
5.
Қосалқы ауыл шаруашылық, бау-бақша, саяжай өнімдерін сату
қолдан
сөрелерден
автокөліктерден
38,0
178,0
242,0
6.
Құстар мен жануарларға арналған азықты сату
280,0
7.
Сыпырғылар сату
115,0
8.
Сыпырғылар сату
115,0
9.
Бал сату
382,0
10.
Орман жидектерін сату
89,0
11.
Саңырауқұлақ сату
115,0
12.
Балық сату
127,0
13.
Жер телімдерін өңдеу бойынша жеке тракторы бар иелердің қызмет көрсетуі
420,0
14.
Үй құсы мен малын бағу, бір басы үшін:
ірі қара мал
жылқылар
қойлар
0,90
1,40
0,38

7 Аудандық мәслихаттың

2009 жылғы 27 сәуірдегі
№ 15/6 шешіміне 2 қосымша
Қызылжар ауданы бойынша айлық бірлігіне салық салудың тіркелген сомалық салық мөлшерлемелері
Кәсіпкерлік қызметінің түрі
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің көлемі (айлық есептеу көрсеткішімен алғанда)
1.
Бильярд, әрбір үстеліне
3
2.
Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін ақшалай ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Бір ойыншыдан артық ойыншылар қатысуымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
4.
Ойын жүргізуге арналған персоналдық компьютер
1
5.
Ойын жолы
5
6.
Карт
2

Қолданыстағы