Вопросы обязательной предшкольной подготовки детей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Вопросы обязательной предшкольной подготовки детей
- Атауы (қаз.)
- Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1762
- Қабылданған күні
- 22.11.1999
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2011 AI4601_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001762_
- ЭКБ идентификаторы
- 4601
- Редакция идентификаторы
- AI4601_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:49
0 Балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау мәселелері
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.19 N 159 Қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. 1999/2000 оқы жылынан бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау жүргізілсін.
2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі бекітілсін.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
0 Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлаудың ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
22 қарашадағы
N 1762 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру
ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептерінде
бес-алты жастағы балаларды міндетті мектеп
алдындағы даярлаудың ережесі
1
1. Осы Ереже жалпы білім беру бағдарламасының шеңберінде олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан мектеп жасына дейін білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде және өзге де білім мекемелерінде 5-6 жастағы балаларды міндетті мектеп алдындағы даярлау (бұдан әрі - Мектеп алдындағы даярлау) мәселелерін реттейді.