Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14-29
- Қабылданған күні
- 28.04.2009
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2015 · қолданыстағы 46030_255311.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09M0002047
- ЭКБ идентификаторы
- 46030
- Редакция идентификаторы
- 46030_255311
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:12
0 Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қызметін Шу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Шу ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциз ставкасын белгілеу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2006 жылғы 16 ақпандағы № 20-4 (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-28 тіркелген, 2006 жылдың 1 сәуір № 27 "Шу өңірі" газетінде жарияланған, "Шу ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режимі бойынша тіркелген жиынтық салық ставкаларын және акциз ставкасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 16 ақпандағы № 20-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шу аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 тамыздағы № 35-2 шешімімен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-11-53 тіркелген, 2007 жылдың 29 қыркүйекте № 85 "Шу өңірі" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шу аудандық мәслихатының
2009 жылғы 28 сәуірдегі № 14-29
шешіміне қосымша
Қызметін Шу ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Бильярд үстелі
3