Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Положение о выдаче банкам согласия на участие в уставном капитале организаций, осуществляющих профессиональную деятельность на рынке ценных бумаг

Қаулы · № 326 · қабылданған 06.10.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4607/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Положение о выдаче банкам согласия на участие в уставном капитале организаций, осуществляющих профессиональную деятельность на рынке ценных бумаг Қолданыста 06.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в Положение о выдаче банкам согласия на участие в уставном капитале организаций, осуществляющих профессиональную деятельность на рынке ценных бумаг

Қолданыста Қаулы № 326 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Положение о выдаче банкам согласия на участие в уставном капитале организаций, осуществляющих профессиональную деятельность на рынке ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келісім беру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
326
Қабылданған күні
06.10.1999
Көрсетілген редакция
06.10.1999 AI4607_0.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000977_
ЭКБ идентификаторы
4607
Редакция идентификаторы
AI4607_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:53
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келісім беру туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.

2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.

3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банктердiң бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екі апта
мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және
екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін.

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi Басқармасының
1999 жылғы 4 қазандағы
N 326 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
1998 жылғы 4 ақпандағы N 46 қаулысымен бекiтiлген
Банктердің бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi
жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға
келiсiм беру туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар

1. Ереженiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Екiншi деңгейдегi банктерге бағалы қағаздар рыногындағы кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғы капиталына қатысуға келiсiм беру ережелерi".

2. Мәтiн бойынша "Осы Ереже", "Осы Ережеде", " осы Ереженiң" деген сөздер тиiсiнше "Осы Ережелер", "Осы Ережелерде", " осы Ережелердің" деген сөздермен ауыстырылсын.

3. I бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын:"1-бөлiм. Жалпы ережелер".

4. II бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "2-бөлiм.

Банктердің кәсiптiк қатысушылардың жарғы капиталына қатысуына келiсiм беру
тәртiбi".

5. III бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "3-бөлiм.

Банктiң кәсiптiк қатысушылардың жарғы капиталына қатысу ерекшелiктерi".

6. 3.1. тармақ алынып тасталсын.

7. ІY бөлiмнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "4-бөлiм.

Қорытынды ережелер".

8. 1.1 - 4.2 деп белгiленген тармақтар 1 - 13 деп ауыстырылсын.

9. 2.1., 2.2. және 2.4. тармақтардың әрiптермен белгiленген

тармақшаларының номерлерi жақшаға алынған араб сандарымен белгіленсiн.