Құжат мәтініне өту

Об определении основных условий бюджетного кредитования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения

Қаулы · № 13/01 · қабылданған 08.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46094/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении основных условий бюджетного кредитования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения Күшін жойған Қаулы ·№ 13/01 ·08.05.2009
17.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении основных условий бюджетного кредитования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения

Күшін жойған Қаулы ·№ 13/01 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении основных условий бюджетного кредитования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения
Атауы (қаз.)
Шағын және орта бизнесті бюджеттік кредиттеудің және ауыл халқын микрокредиттеудің негізгі талаптарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13/01
Қабылданған күні
08.05.2009
Көрсетілген редакция
17.06.2015 46094_285905.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09K0001866
ЭКБ идентификаторы
46094
Редакция идентификаторы
46094_285905
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:07

0 Шағын және орта бизнесті бюджеттік кредиттеудің және ауыл халқын микрокредиттеудің негізгі талаптарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің
180
,
188-баптарына
, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
27-бабына
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің"
542-тармағына
, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 361
қаулысына
сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл халқын микрокредиттеу үшін "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу" 13 03 265 013 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттеудің негізгі талаптары осы қаулының

қосымшасына
сәйкес белгіленсін.

2 2. "Қарағанды облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б. Өтешов) "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (Е.Б. Каргин) бірлесіп:

1 1) "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамымен қарызгердің барлық есептерін акцепсіз шығынға жазу құқығымен шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету талаптарына кредиттік шарт (келісім) жасассын;

2 2) кредиттік шарттарды (келісімдерді) тіркеуді, есепті, мониторингті және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

3 3. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі – "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Б. Каргин):

1 1) кредиттік шарттартың (келісімдердің) орындалуын бақылауды, бюджеттік кредитті облыстық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

10 Қарағанды облысы әкімдігінің

2009 жылғы 8 мамырдағы
№ 13/01 қаулысымен бекітілді
"Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл халқын микрокредиттеу үшін "ҚазАгро ҰБХ" АҚ еншілес ұйымдарын кредиттеу" 13 03 265 013 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредиттеудің негізгі талаптары

1 1. Кредит беру мақсаты – шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл халқын микрокредиттеу.

2 2. Бюджеттік кредиттеуге қатысушылар төмендегілер болып табылады:

кредитор – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кредит беретін тарап – Қарағанды облысының әкімдігі;
бағдарлама әкімшісі – "Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
қарызгер–қаржы агенті – негізгі қарызды өтеу және сыйақыны, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын кредиттік шарттың кредит алушы тарабы – "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамы;
түпкі қарызгер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және ауылдық өңірде тұратын немесе тіркелген жеке немесе заңды тұлғалар (шағын және орта бизнес субъектілері), осы қаулымен белгіленген талаптарда "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамымен берілетін бюджеттік кредит алушы.

3 3. Түпкі қарызгер қызметтерінің негізгі бағыттары және бюджеттік кредиттеуге жататын инвестициялық жобалар:

мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту;
жылыжай алу, құрылысы және пайдалану;
қайта өңдеуші өнеркәсіп;
ауылдық өңірдегі халыққа қызмет көрсету;

4 4. Бюджеттік кредит Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясының тиісті

шешімімен
көзделген сомма шегінде беріледі.
Бір түпкі қарызгерге лимит – 8 000 аспайтын айлық есептік көрсеткіш.

5 5. Бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.

6 6. Бюджеттік кредит беру мерзімі:

кредит 60 айға дейінгі мерзімге беріледі;
бюджеттік кредит мерзімі бюджеттік кредит қаражатының бағдарлама әкімшісінің есепшотынан аударылған сәттен бастап саналады;

7 7. Кредитті игеру кезеңі – кредиттік шартқа қол қойған күннен бастап алты ай.

8 8. Қарызгерге сыйақы мөлшерлемесі кредиттеудің тіркелген тұтас мерзіміне белгіленеді және жылына 1 пайыздан аспауы керек.

Түпкі қарызгерге сыйақы мөлшерлемесі кредиттеудің тіркелген тұтас мерзіміне белгіленеді және жылына 10,5 пайыздан аспауы керек.

9 9. Кредиттік шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін, яғни қарызгер кредитті қайтаруды жүзеге асырмайтын мерзім ішінде бюджеттік кредит мерзімі құрамына кіретін уақыт кезеңі. Жеңілдік мерзімнің ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауы керек.

Қолданыстағы