Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Қаулы · № 10/04 · қабылданған 20.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46106/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Күшін жойған Қаулы ·№ 10/04 ·20.04.2009
12.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/04 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/04
Қабылданған күні
20.04.2009
Көрсетілген редакция
12.04.2010 AI46106_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KI000060
ЭКБ идентификаторы
46106
Редакция идентификаторы
AI46106_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:22

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Абай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 29 желтоқсанында N 8-9-50 тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық гәзетінде 2009 жылдың 1 қантарында N 1-2 (3747) жарияланған Абай аудандық мәслихаттын 10 кезекті сессиясының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 10/115 "2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы" шешімін орындау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.А. Ақсанов) жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша тиісті әлеуметтік төлемдерді төмендегі азаматтардың санаттарына тағайындасын және ақша аударсын:

1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне – мемлекеттік мейрам 9 мамыр Жеңіс күніне әрқайсысына 10000 (он мың) теңге сомасында материалдық көмек төленсін. Төлем мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығы ұсынған тізімнің негізінде жүргізілсін;

2 2) аз қамтылған азаматтарға – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – азық-түлік өнімдерінің құнының артуына байланысты ай сайын әрқайсысына 1273 (бір мың екі жүз жетпіс үш) теңге сомасында өтемақы төленсін.

2 2. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 01/41 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде" қаулысы жойылсын.

3 3. Бұл қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібырахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы