О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности" Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Национальный научно-исследовательский центр по проблемам промышленной безопасности" Комитета по государственному контролю за чрезвычайными ситуациями и промышленной безопасностью Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 772
- Қабылданған күні
- 25.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2017 AI46153_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090000772_
- ЭКБ идентификаторы
- 46153
- Редакция идентификаторы
- AI46153_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:02
0
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) оған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасы тау-кен құтқарушы ғылыми-инженерлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің технологиялық бірлігінің сақталуын қамтамасыз етсін;
2 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорын жарғысын бекітуге енгізсін және оны әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 мамырдағы
N 772 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Техника қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 1154 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 392-құжат):
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
3 3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 шілдедегі N 772 қаулысында :
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің "Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.