Об ограничительных мероприятиях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об ограничительных мероприятиях
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 09/01
- Қабылданған күні
- 29.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2009 46156_179718.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KF000081
- ЭКБ идентификаторы
- 46156
- Редакция идентификаторы
- 46156_179718
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:11
0 Шектеу іс-шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Сәтбаев аумақтық инспекциясы" ММ бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы ауруы – бруцеллез анықталған эпизоотия ошақтарында шектеу іс-шараларын енгізумен ветеринариялық режим белгіленсін.
2
2. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Сәтбаев аумақтық инспекциясы" ММ бастығы (Ү.А. Айтпаев – келісім бойынша) жануарлардың жұқпалы ауруы - бруцеллездің тарауына жол бермеу және анықталған эпизоотия ошақтарында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында қажетті ветеринариялық, әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар өткізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Ғабдулуахитовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Келісілген"
"Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
агроөнеркәсіптік кешеніндегі
Мемлекеттік инспекция
комитетінің Сәтбаев аумақтық
инспекциясы" ММ бастығы
Ү.А. Айтпаев
2009 ж. 26 сәуір