Құжат мәтініне өту

Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы

Өзге акт · № 112 · қабылданған 23.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.06.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-46166/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 112 ·23.04.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы

ҚАЗТемір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 112 · қабылданған 23.04.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
112
Қабылданған күні
23.04.2009
Көрсетілген редакция
11.06.2012 · қолданыстағы AI46166_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
11.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CJ000108
ЭКБ идентификаторы
46166
Редакция идентификаторы
AI46166_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:18

0 Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Темір аудандық елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасы бекітілсін. (№ 1 қосымша)

2 2. Ауыл шаруашылығының аудандық аумақтық инспекциясы және кенттік, қалалық, селолық округ әкімдері аудандық елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. Темір аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №

152 «Темір аудандық елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы» /тіркеу № 3-10-39/ шешімінің күші жойылсын

4 Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың ҚАҒИДАСЫ

4. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарына алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат                   Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы:                  хатшысы:
Б. ҚУАНДЫҚОВ                        С. ЖАНАБЕРГЕНОВА
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 сәуірдегі
№ 112 шешіміне № 1 қосымша
Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың ҚАҒИДАСЫ

1 1. Осы қағида иттері бар барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2 2. Иттерді жекелеген үйде, пәтерде санитарлық гигиеналық тәртіпті, ветеринарлық санитарлық ережені және осы қағиданы сақтаған жағдайда, ұстауға ұлықсат беріледі және де пәтерде бірнеше жанұя тұрған жағдайда, итті айналасындағы көршілерінің келісімі бойынша ғана ұстай алады.

3 3. Жеке меншік үйі, пәтері бар ит иелері иттерін тек байлап ұстау керек. Егер итін бос жіберетін болса, ауласы жақсы қоршаған болуы керек және адаммен кездейсоқ байланыс болмауы керек.

4 4. Иттерді тұрғын үйлердің жалпылама пайдаланатын жерлерінде (баспалдақта, төбеде, жертөледе т.б.) ұстауға болмайды.

5

5. Жеке және заңды тұлғалардың иттері міндетті түрде тіркеуден өтуі керек. Әр иттің, оның қай тұқымнан екеніне қарамастан, оған белгіленген заңды түрде ветеринарлық паспорты болуға тиісті. Онда иттің иесі, мекен жайы, иттің мінез құлқы және ветеринарлық профилактикадан өткендігі көрсетілуі керек. Итке ветеринарлық паспортты мемлекеттік ветеринарлық инспектор бере алады.

6 6. Иттер ветеринарлық тексеруден және емделуден жыл сайын өтіп тұруға тиісті. Мемлекеттік ветеринарлық инспектор иттің тексеруден өткендігін тіркеп отыру керек.

7 7. Көп пәтерлі үйдің пәтерінде тұратын азаматтар 2 иттен артық ит ұстай алмайды (3 айға дейінгі күшіктерді есептемегенде), осы берілген қағиданы сақтаған жағдайда ғана.

8 8. Көшеде, қоғамдық орындарда иесіз бос жүрген иттер ұсталынады.

9 9. Ит иелері итті үстауды осы қағидада, көрсетілген мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті және өзін қоршаған айналасының, көршілерінің мазасын алмауы керек.

10 10. Егер ит адамды қауып алған болса, ит иесі міндетті түрде итін 10 күн байлауда ұстап, мемлекеттік ветеринарлық инспекторға алып келіп тексеруінен өткізіп алуы керек.

11 11. Осы қағиданы бұзған үшін ит иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде қарастырылған жауапкершіліке тартылады.