Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 23.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2012 · қолданыстағы AI46166_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CJ000108
- ЭКБ идентификаторы
- 46166
- Редакция идентификаторы
- AI46166_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:18
0 Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 311 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Темір аудандық елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасы бекітілсін. (№ 1 қосымша)
2 2. Ауыл шаруашылығының аудандық аумақтық инспекциясы және кенттік, қалалық, селолық округ әкімдері аудандық елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Темір аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы №
152 «Темір аудандық елді-мекендерінде иттерді ұстаудың қағидасын бекіту туралы» /тіркеу № 3-10-39/ шешімінің күші жойылсын
4 Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың ҚАҒИДАСЫ
4. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарына алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Б. ҚУАНДЫҚОВ С. ЖАНАБЕРГЕНОВА
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 23 сәуірдегі
№ 112 шешіміне № 1 қосымша
Темір ауданының елді-мекендерінде иттерді ұстаудың ҚАҒИДАСЫ
1 1. Осы қағида иттері бар барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
2 2. Иттерді жекелеген үйде, пәтерде санитарлық гигиеналық тәртіпті, ветеринарлық санитарлық ережені және осы қағиданы сақтаған жағдайда, ұстауға ұлықсат беріледі және де пәтерде бірнеше жанұя тұрған жағдайда, итті айналасындағы көршілерінің келісімі бойынша ғана ұстай алады.
3 3. Жеке меншік үйі, пәтері бар ит иелері иттерін тек байлап ұстау керек. Егер итін бос жіберетін болса, ауласы жақсы қоршаған болуы керек және адаммен кездейсоқ байланыс болмауы керек.
4 4. Иттерді тұрғын үйлердің жалпылама пайдаланатын жерлерінде (баспалдақта, төбеде, жертөледе т.б.) ұстауға болмайды.
5
5. Жеке және заңды тұлғалардың иттері міндетті түрде тіркеуден өтуі керек. Әр иттің, оның қай тұқымнан екеніне қарамастан, оған белгіленген заңды түрде ветеринарлық паспорты болуға тиісті. Онда иттің иесі, мекен жайы, иттің мінез құлқы және ветеринарлық профилактикадан өткендігі көрсетілуі керек. Итке ветеринарлық паспортты мемлекеттік ветеринарлық инспектор бере алады.