Құжат мәтініне өту

О квотировании рабочих мест для трудоустройства инвалидов

Қаулы · № 143/4 · қабылданған 18.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-46183/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О квотировании рабочих мест для трудоустройства инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 143/4 ·18.05.2009
10.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О квотировании рабочих мест для трудоустройства инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 143/4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О квотировании рабочих мест для трудоустройства инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
143/4
Қабылданған күні
18.05.2009
Көрсетілген редакция
10.02.2010 46183_217287.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PH000071
ЭКБ идентификаторы
46183
Редакция идентификаторы
46183_217287
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:04

0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағына, 13, 14 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабы 1-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерге жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауда көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру Нұсқаулық бекітілсін.

2 2. "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

жұмыс берушілермен келісу бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілесін;
квоталандырылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Ауылдық округтердің әкімдері жұмыс орындарын квоталандыруды орындау туралы ақпаратты "Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тоқсан сайын ұсынсын.

4 4. Качир ауданының 2008 жылғы 15 мамырдағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру туралы" № 152/5 қаулысы жойылсын.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен сон күшіне енеді.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.

7 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталандыру нұсқаулық

Качир ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 18 мамырдағы
№ 143/4 қаулысымен бекітілді
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарын квоталандыру нұсқаулық

1 1. Жалпы жағдайлар

1 1. Жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа қабылдауда көмек көрсету мақсатында жұмыс орындарының ең аз саны (квота) белгіленеді (бұдан әрі - квоталандырылған жұмыс орындары).

2 2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:

квоталандырылған жұмыс орындары (квота) – жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдардағы мүгедектердің жұмыс орындарының үлесі (бөлігі);
жұмыс беруші – аудан аумағында жеке меншік нысанына қарамастан қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, жеке тұлғалар (республикалық бюджеттен қаржыландырылатындардан басқа);
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган – аймақтық деңгейде тұрғындарды жұмыспен қамтуда көмек көрсетуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін, жергілікті бюджеттен қаржаландырылатын атқарушы орган.

2 2. Квотаны белгілеу шарттары мен тәртібі

3

3. Квота туралы нақты ұсыныстар жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектер санын талдау, аймақта жұмыс күшіне сұраным мен ұсынысты болжау негізінде үшжақты аймақтық келісімге қол қойған жұмыс берушілердің бірлестіктері мен кәсіподақ бірлестіктерінің, мүгедектердің мүдделерін ұсынатын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жұмыспен қамту мәселелері мәселелері жөніндегі өкілетті органмен әзірленеді.

4 4. Аудан әкімдігі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органның ұсынысы негізінде аудан аумағында орналасқан жұмыс берушілерге, мүгідектерге жұмыс орындарына квота және оны жүргізу мерзімін белгілейді.

Квотаны белгілеуде мүгедектердің жасы мен жыныс құрамы, мамандықтары мен біліктілік деңгейі, медициналық-әлеуметтік сараптаманың ұсыныстары, сондай-ақ кәсіпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы қызмет түрі, тәртібі, сипаты және әлеуметтік-тұрмыстық еңбек шарты есептеледі.

5 5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган жұмыс берушілерді қабылданған шешім туралы квота қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде бір ай бұрын хабарлайды.

6 6. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін қажетті жұмыс орындарын жасайды немесе бөледі.

3 3. Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде жұмыс берушілердің іс- әрекеті

7 7. Жұмыс берушілер мүгедектер үшін белгіленген квотаға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органмен жолданған азаматтарды жұмысқа алады.

8

8. Жұмыс берушілер белгіленген квота шегінде құрылған немесе бөлінген босатылатын жұмыс орындары туралы ақпаратты кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органға орын босау уақыттан үш күндік мерзім ішінде беруге міндетті.

9 9. Жұмыс берушілер квота есебінен бөлінген жұмыс орындарын толықтыру жөніндегі ақпаратты тоқсан сайын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органға хабарлайды.

10 10. Квота есебінен бөлінген жұмыс орындарын толықтыруды бақылауды жергілікті атқарушы органдар, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті орган және мемлекеттік еңбек инспекторы жүзеге асырады.

Қолданыстағы