Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
ҚАЗАуылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16/111
- Қабылданған күні
- 14.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2012 · қолданыстағы AI46196_3.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09MB000108
- ЭКБ идентификаторы
- 46196
- Редакция идентификаторы
- AI46196_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:24
0 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 40 бабына және"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасынының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 7-бабының 5 тармағына сәйкес,қалалық мәслихат ШЕШіМ ЕТТІ:
1 1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына бір рет отбасының бір мүшесіне 12 100 теңге есебінен ақшалай түрде әлеуметтік көмек берілсін.
2 2. Қызылсай, Теңге ауылдарының әкім аппараттары ауылдық елді мекендерде тұратын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін мамандардың тізімдерін келесі құжаттар:
1 1)өтініш;
2 2)жеке куәліктің көшірмесі;
3 3)үйдің, пәтердің техникалық паспортының және тұрғын үйге құқық белгілеуші құжатының көшірмелері;
4 4)салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
5 5)азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
6 6)жұмыс орнынан анықтама
негізінде әзірлеп, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырсын.
3
3. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Абубикиров М. И.) ауылдық елді мекендерде тұратын, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін мамандарының Қызылсай, Теңге ауылдары әкімі аппараттарының әзірлеген тізімдерін тексеріп қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне тапсырсын.
4 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
М. Абубикиров
«14» сәуір 2009 жыл